АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея КХДР-дың ракета ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«АҚШ Жапониямен және Оңтүстік Кореямен бірге КХДР-дың 12 ақпан күні баллистикалық ракетаны жіберуіне байланысты шұғыл консультация өткізуді талап етті», – деп хабарлады америкалық миссияның өкілі.
Рейтер агенттігінің мәліметінше, БҰҰ ҚК отырысы дүйсенбіге жоспарлануда.
Жексенбі күні КХДР әрекет ету радиусы орташа “Пуккыксон-2” (“Темірқазық-2”) баллистикалық ракетасын сынады. Кореяның Орталық телеграфтық агенттігінің хабарламасын келтіре отырып Рёнхап-тың хабарлауынша, «жер-жер» санатындағы аталмыш стратегиялық зымыран сынақтан сәтті өтті.
2006 жылдан бері Пхеньян бес ядролық сынақ және ракеталық ұшырылымдардың сериясын іске асырды.