АҚШ-та Black Lives Matter қозғалысы әлі де жалғасуда. Наразылық білдірушілер митингіге шығып, ескерткіштерді құлатып, жағдайы жақсы ақ нәсілді америкалықтарға сес көрсетуде.
Марк және Патриция Макклоски атты заңгерлер қолдарына қалу алып, өздерінің жекежайларын қорғауға шықты. Оқиға 28 маусым күні бай-ауқаттылар тұратын Форест парк ауданында болған. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
NBC News телеарнасы 300 жуық адам көрші үйдің қоршауын қиратқаннан кейін жекежайдың жанына келді деп хабарлады. Олар қала мэрі Лид Крюксонге бара жатқан. Ол полиция бюджетін басқа да қоғамдық қажеттіліктерге қайта бөлуді ұсынған тұрғындардың аты мен мекенжайын жариялағаннан кейін, оның отставкаға кетуін талап етуде. Оның отсавкаға кетуін қолдап, онлайн-петицияға 40 мың адам қол қойған.