Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

АҚШ елшілігі Ресейге қарсы санкцияның одақтастарға әсері туралы айтты

Рэн Эльхай, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз маманы:

– Біздің мақсатымыз – қабылданған санкциялардың серіктестерімізге кері әсерін болдырмау. Сондықтан бұл мәселеге байланысты барлық сұрақты өршіп кетпей тұрғанында шешуге тырысамыз.

https://kaz.365info.kz/osy-zholy-bari-bitedi-sarapshy-resejge-salynatyn-sanktsiyanyn-symdykh-khypiyasyn-ashty-276042

Президентіміз Трамп, осы құжатқа қол қоя отырып, яғни Иран, Солтүстік Корея мен Ресей елдеріне жарияланған санкцияларға қарсы, серіктестерімізбен кездесіп, ақылдасуды тапсырды.

Украинадағы жағдайды тұрақтандыру – бірлесе атқаратын іс. Осы бағытта өз бизнесіміз бен серіктестеріміздің кәсібіне зиянын тигізіп алмауды қадағалаймыз.

Еске сала кетелік, АҚШ Конгресі соңғы қабылдаған Ресейге қарсы санкция түрінің салдары қазірдің өзінде бірқатар бизнес қауымдастықтың мазасын алуда. Өйткені жаңа санкцияның талабы бойынша әлемдегі барлық қаржы институттары 180 күннің ішінде Ресей шенеуніктерінің шетелдегі жасырын барлық мал-мүліктерінің тізімін жария етуі тиіс. Одан кейін АҚШ сол мал-мүліктің барлығын тәркілеуге қол қоюы мүмкін. Әрине, мұндайда ресейлік олигахтармен бірлесе жұмыс істеген компаниялар да бұл қара тізімге ілініп кету қаупі бар. Бұл ретте қазақстандық бай-манаптардың да аты аталып қалуы туралы болжамды бірнеше сарапшы айтып қалып еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз