Жуырда ғана бір жыл бойы елді шулатқан әнші Ақбота Сейтмағамбет тұңғышын босанып, танымал әзілкешке ұл сыйлады. Одан кейін халық қос ғашықтың некесі туралы жиі сұрай бастады.
Бұл сұраққа Ақботаның шаштаразы әрі сырлас-досы Эрман 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz.
“Гламур для дур” деген фильмнен басталды. Киноның аяғы махаббат болып кетті. Оны мен басында білгем. Туған күнінде бірге болдық. Боташка 20 жасқа толғанда Дәурен сонда келген гүлімен. Көбісі білмеді. Соңында шығарамын деп соңында өзі айтты халыққа”, – дейді Ақботаның досы.
Иә, елді шулатқан жұлдызды жұп бесіктің түр-түрін алып, шілдеханасын өткізіп қойды. Алайда қос ғашықтың заңды түрде үйленбегені, әсіресе, Ақботаның жанкүйерлерін алаңдатып отыр.
“Той Алла қаласа болады. Аман-есен ұлды туып алды. Өз-өзіне келсін, тойды әрі қарай ойластырып көре береміз ғой. Екеуінің некесі әлі қиылған жоқ. Енді қиылады, міндетті түрде. Дәурен той болады деп отыр”, – деп мәлімдеді Эрман.
Бұдан өзге, Ақботаның жақын досы жаңа туған сәбидің Дәуренге қатты ұқсайтынын айтты.
“Ұлы тура Дәурен. Кіп-кішкентай, қап-қара, шашы бұйра-бұйра. Дәуренге өте қатты ұқсайды. Мұрындары, көздері келеді”, – дейді ол.