Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Әкем Садратдин…”. Жұлдыз Әбдікәрімова әкесі-шешесі туралы айтып қойды (фото)

840

https://kaz.365info.kz/eshkimdi-tyndamajmyn-zhyldyz-abdikarimova-ozin-khalaj-kytetinin-ajtty-foto-309058

View this post on Instagram

❤️ @kair_n ❤️🤲

A post shared by Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) on

Алайда соңғы кездері Жұлдыз желіге әке-шешесінің де суретін салатын болған. Әкесінің аты – Садратдин Әбдукәрімов, ал шешесінің аты – Бекзада Кемелова екен. Жұлдыз отбасындағы төртінші бала. 

“Есейіп кетсем де көздеріне әлі күнге дейін сәби болып көрінетін жандар. Папа, мама аман болыңыздар! 
Сомадай болғанша еркелетіп, бетімнен қақпай, әрбір қойған сұрағыма ерінбей толық жауап беріп, жақсы өнеге көрсетіп өсірген, көп балалы ата – анама бас иемін мәңгілік! – деп жазыпты Жұлдыздың өзі бұл ретте. 

https://kaz.365info.kz/esimim-han-khajrat-nyrtas-on-zhyl-zhasyrgan-otbasyn-elge-tanystyrdy-foto-307353

Ал 14 сәуірде Жұлдыздың анасы туған күнін тойлатқан. Жұлдыз мұны да ескеріп, анасына өзінің жылы лебізін білдірген екен. 

“Мен отбасында 4-ші баламын. Дүниеге келгенде, әкем естіп 5-6 күннен кейін келді (Мәскеуден, оқудан).

Сөйтіп, роддомның терезесінің алдына келіп, анама: – Не істеп жатсың бұл жерде? Шық, алып кетемін үйге!,- депті.

Мамам да саспайды ғой: – А, келіп қалыпсыз ғой, қазір шығамыз,- депті.

Әрине, әкем солай айтады, егер жылда бала таба берсеңіз, алдыңғы екеуі қыз болғандықтан да, шығар мені тағы қыз деп қабылдаған деп, анама қалжыңдап айтатын едім.

Ал, қазір өзім де анама ұқсап, балаларды жылда дүниеге әкелдім.

https://kaz.365info.kz/bir-ozgeris-bar-gylzira-ajdarbekova-merejtojyn-khalaj-atap-otti-video-311321

Әр бала, өз несібесімен келеді бұл дүниеге, дегенді жиі айтады анам. Анашым мені туған күніңізбен! Анашым, ардағым – ақ сүтіңе бас иемін мәңгілік. Әкем екеуіңіз әдемі қартаюларыңызды тілеймін!” – деп жазыпты Жұлдыз Әбдікәрімова бұл ретте. 

Бұдан бұрын Жұлдыз әке-шешесінің Қайратқа күйеуге тиюіне қарсы болғанын айтқан.

Алайда екі жастың алған бетінен қайтпасын көріп, келісімдерін берген екен. 

https://kaz.365info.kz/halykh-aldyna-shykhannan-kejin-khajrat-nyrtastyn-zharynyn-omiri-khalaj-ozgerdi-290994

Жена Кайрата Нуртаса выложила новое фото с родителями

                                                                                                   Ал бұл Жұлдыздың туған інісі. 

 Бұдан бұрын NUR.KZ -ке берген сұхбатында Жұлдыз көпшілік арасында өзіне жағымсыз пікірлерді жазатындар жеткілікті екенін айтқан. Әсіресе Қайратпен қосыла ән шырқаған Әбдікәрімованы сынағандардың санында шек жоқ.

 

«Енді арасында сынап та жатқандары бар. Ол да дұрыс шығар. Мен ол кісілерге ерсі көрінетін шығармын. Әнші болып кетті деп ойлап жатқан болар. Бірақ мен әнші емеспін.

Әнші болуды мен мақсат тұтқан жоқпын. Бұл тек қана Қайраттың жеке кешінде өнер көрсету. Дегенмен де әу демейтін қазақ жоқ қой. Мен актер мамандығын бітіргенмін. Кез-келген адам ән айтады деп ойлаймын», — дейді актриса.

https://kaz.365info.kz/tagy-on-zhylga-zhokh-bop-ketsem-khajrat-nyrtastyn-zharyn-kim-renzhitti-foto-294130

Желіде Жұлдыздың өнеріне ғана емес, жеке өміріне де тіл тигізетіндердің қарасы көп. Ғаламтор қолданушылары: «Қайраттың танымалдылығы үшін тұрмысқа шықты» — деп кінәлайтын көрінеді. Ал көңіліне қаяу салған сынға Жұлдыздың жауабы дайын.

«Көбісі «Қайрат танымал болғаннан соң күйеуге шыққан шығарсың» — деп айтып жатады. Жалпы біз Қайрекең екеуміз 2007-ші жылы шаңырақ көтердік. Бірақ 2004-тен бері біз таныс болдық. Кездесіп жүрдік. Біз Қайрат екеуміз бірнеше жылдар бойы бір-бірімізді танимыз. Яғни біргеміз», — дейді Қайраттың жұбайы.

Әбдікәрімова алғашқыда әр сынға уайымдап, тамағынан ас өтпеген сәттері де жиі болыпты. Қазір кереғар пікір жазғандарға Жұлдыздың еті үйренген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз