Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сот залында күліп жіберді

Төлешовке оннан аса қылмыс эпизоды бойынша айып тағылды: салықты жасыру, лауазымды тұлғаларды заңбұзушылыққа тарту және өзге де экономикалық әрі парақорлық қылмыстар. Айыптаушының сөзі бір жарым сағатқа созылды. Қорытындысында прокурор жаза шарасы туралы айтты: баптарды біріктіргенде мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Алайда Астананың Жоғарғы сотының бұған дейін шығарған 21 жылға бостандықтан айыру түріндегі үкімін есепке алғанда, жеңіл жазаның орнын ауыр жазамен ауыстырып, 21 жылға бостандықтан айыру жазасын қалдыру сұралды.

Прокурордың бұл сөзіне Төлешов мырс етіп, күлкісін жасыра алмаған.

Төлешовтің ісі бойынша тағы бір фигурант – салықшы Қарақожаев Нұржанға қатысты прокурор айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыруды, алайда жеңілдететін жағдайларды есепке ала отырып және рақымшылықты қолдану арқылы екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз