Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты. Ғимараттың металл қаңқасы мен арнайы панельдерден жасалған қабырғалары өртті сөндіруді қиындатып жақын маңдағы басқа қоймаларға таралу қаупі төнген.
ТЖД мәліметінше, жақын маңда орналасқан қойма ғимараттарын қорғау мақсатында өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру және қорғау оқпандарын берді.
«Жалынның көрші қоймаларға таралу қаупі сейілді. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Атап айтқанда, нысанның қаңқасы металлдан жасалған. Ал қабырғалары сэндвич-панельдермен қапталған. Ғимараттың биіктігі шамамен 10 метр болады», – делінген хабарламада.