Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
0
USD
449
-2.08
EUR
504
-1.21
RUB
5.48
+0.03

«Тісін қағып, шашын қиған». Ақтауда әйелін қорлаған күдікті қамауға алынды

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам қабылдап-тарату орнына орналастырылған.

«Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау және ел аумағында одан әрі болу мәселесін шешу үшін қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Әйел тұрғылықты жерінде. Оған қатысты да көші-қон заңнамасы аясында тиісті тексеру жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Қазір жәбірленуші сот-медициналық сараптамаға қажетті құжаттарды дайындау үшін мамандардың тексеруінен өтіп жатыр. Заңгер Зина Анламасованың айтуынша, әйелге Қазақстанда заңсыз жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

«Қазақстан аумағында тұратындықтан, ол азаматтығына қарамастан, кез келген адам сияқты елдің заңдары мен Конституциясын сақтауға міндетті. Бұл жағдайда әйел Қазақстанда заңсыз жүрген. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол өз еліне қайтып, Қазақстанға қайта кіру және осында болу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуі керек», – деді Зина Анламасова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз