Ұзақ жол, ұшу немесе қала сыртына шығу — сүйікті контентіңізден қол үзуге себеп емес. MEGOGO қосымшасының көмегімен фильмдерді, сериалдар мен аудиокітаптарды смартфонға немесе планшетке алдын ала жүктеп алып, интернет байланысы нашар немесе мүлдем жоқ жерде де тамашалауға болады.
Барлығы өте қарапайым: MEGOGO қосымшасынан фильмді, сүйікті сериалыңыздың бөлімін немесе аудиокітапты таңдап, мобильді құрылғыңызға жүктеп алыңыз — сонда контент офлайн режимде қолжетімді болады. Ең бастысы — интернет бар кезде, алдын ала қамдану.
Контентті көңіл-күйіңізге қарай таңдаңыз: ұзақ сапарға қызықты триллер, қысқа ұшуға жеңіл комедия немесе жайлы саяхат үшін аудиокітап. Кейін желі іздеп әуре болмау және жүктелуін күтіп уақыт жоғалтпау үшін барлығын алдын ала дайындап алған жөн.
Жақсы оқиға желі сигналына тәуелді болмауы керек. Сапарыңызды жоспарлаңыз, не көретініңізді немесе тыңдайтыныңызды таңдаңыз да, MEGOGO-мен бірге жолға шығыңыз.
Ал жолға дайындық туралы алаңдамау үшін қосымшадағы «Автожүктеу» («Автозагрузка») функциясын қосып қойыңыз. Ол қажетті фильмдер, сериялар немесе аудиокітаптар дер кезінде қолжетімді болуы үшін сүйікті контентіңізді құрылғыға алдын ала сақтап береді. Сізге тек не көретініңізді немесе не тыңдайтыныңызды таңдау ғана қалады.