Нұр-Сұлтан
Қазір
27
Ертең
20
USD
457
0.00
EUR
531
0.00
RUB
5.28
0.00

Алматыда құрылыс жұмыстары кезінде көне қоныстың бір бөлігі жойылды

«Бұтақты-2» Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Горячев қорғалатын аумақта кез келген жұмыс тиісті мекемелермен келісілуі тиіс екенін атап өтті.

«Бұл мемлекет қорғауындағы археологиялық ескерткіш. Мұндай аумақта құрылыс немесе басқа да жұмыстар жүргізу үшін тиісті келісімдер болуы керек. Алайда бұл жұмыстарға рұқсат берілген-берілмегені маған белгісіз. Қазір ескерткіштің бір бөлігіне айтарлықтай зақым келіп отыр», – деді археолог.

«Бұтақты-2» маңында бірнеше тарихи кезеңнің іздері сақталған «Бұтақты-9» археологиялық кешені де орналасқан. Горячевтің сөзінше, осы екі ескерткішті зерттеу қазіргі Алматы аумағының кейінгі 2,5 мың жылдық тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. Әзірге, бұл аумақта құрылыс жұмыстарын кім жүргізгені және оған уәкілетті органдардың рұқсат берген-бермегені белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз