Алматыда курьер қырағылық танытып, алаяқтарға жиған ақшасын ұстатып жібермек болған егде жастағы әйелге көмектесті. Жеткізу қызметіне тапсырыс түскеннен кейін, курьер зейнеткер әйелден джинсы салынған пакет пен бірнеше банканы алып кеткен. Алайда әйелдің әрекеті оған күмәнді көрінген: ол сәлемдеменің ішіндегі заттар туралы сұрақтарға нақты жауап бермей, бұқпантайлап жауап берген.
Белгілі болғандай, бұған дейін зейнеткер әйелге алаяқтар қоңырау шалған. Олар өздерін шетелде жүрген туысы ретінде таныстырып, шұғыл көмек көрсету үшін қолындағы бар жинаған ақшасын беруге көндірген.
Кейін алаяқтар оған «декларацияланбаған ақша қаражатын тексеру» туралы айтып, қолма-қол ақшаны декларациялау үшін беруді талап еткен.
Алаяқтардың сөзіне сенген зейнеткер 3 мың долларды джинсы шалбарының қалтасына жасырып, оны басқа заттармен бірге пакетке салып, курьерге берген. Осылайша курьердің күдігі расталып, алаяқтардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.