Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
7
USD
463
+3.43
EUR
539
+2.98
RUB
5.41
-0.01

Kcell өз абоненттері үшін дауыстық байланыс сапасын жақсартуда

Сөйлесу кезінде пайдаланушылар жылдамдықты жоғалтпастан мобильді интернетті қатар пайдалана алады – мысалы, хабарламалар жібере алады, онлайн-банкингті қолданады немесе интернетті басқа құрылғыларға тарата алады. Бұл ретте қызмет қосымша ақысыз ұсынылады және пайдаланушының қолданыстағы топтамасынан интернет-трафикті жұмсамайды. Мобильді интернетті тұтыну көлемінің қарқынды өсуі аясында VoLTE технологиясын енгізу ерекше өзектілікке ие болып отыр. 2025 жылы «Кселл» АҚ желісіндегі трафик көлемі 66,6%-ға артып, 1439 ПБ болды.  Өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін компания желіні дамытуға рекордтық 102,8 млрд теңге инвестициялады.

«Біздің міндетіміз – тек жоғары жылдамдықты мобильді интернетті дамыту және елдегі ең жоғары 5G жылдамдықтарының бірін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар дауыстық сервистердің сенімді әрі тұрақты сапасын қолдау.  VoLTE технологиясын енгізу – желіні дамытудың маңызды кезеңі, бұл абоненттерге жүктемеге қарамастан тұрақты түрде сапалы байланыс алуға мүмкіндік береді», – деді «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Асқар Жамбакин.

Технологияны пайдалану үшін VoLTE қолдауы бар смартфон, GSM/UMTS/LTE стандартындағы SIM-карта және 4G желісінің қамту аймағында болу қажет. Қызметті Kcell немесе activ мобильді қолданбасы арқылы, сондай-ақ *222# USSD-пәрменінің көмегімен қосуға болады. Смартфондардың тізімі тұрақты түрде кеңейтілетін болады, ал жаңартулар туралы өзекті ақпарат сайтта жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз