Шымкентте полиция жергілікті тұрғыннан ақша бопсалаумен айналысқан топтың жолын кесті. Тексеру барысында ер адамның екі көлігін де заңсыз тартып алғаны анықталды.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер ер адамға психологиялық қысым жасап, өздері келтірді деген жалған сылтаумен ақша талап еткен. Сонымен қатар олар оның көліктерін ешқандай заңды негізсіз иемденіп алған.
Жедел уәкілдер бопсалаушыларды 3 мың АҚШ долларын беру сәтінде қолға түсірді.
Полиция өкілдері қысым көрсету, бопсалау және кез келген жолмен заңсыз ақша талап ету қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.