Солтүстік Қазақстан облысында өндірісте жазатайым оқиға салдарынан екі жұмысшы көз жұмды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, оқиға Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында орналасқан «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС аумағында болған.
22 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де кәсіпорынның кәріз сорғы станциясында 50 жастағы слесарь Дмитрий Титарев пен 48 жастағы электрик Владимир Прохоров мерт болды. Олардың денелері нысан аумағындағы құдықтан табылды. Мамандардың болжамынша, жұмысшылардың өліміне белгісіз газдардан улану себеп болуы мүмкін.