Нұр-Сұлтан
Қазір
-22
Ертең
-27
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Құжат жоғары ұйымдастырушылық әрі мазмұндық деңгейде әзірленді деп есептейміз – Азат Перуашев

Перуашев кәсіпкерлік құқығын қорғау, меншік нысандарының алуан түрлілігі мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ банк және коммерциялық құпияны қорғау туралы ережелер жаңа Конституциядағы өзге де жаңашыл нормалармен бірге кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жеке бизнестің дамуына оң әсер ететініне тоқталды.

«Елімізге жай ғана инвестиция емес, ең озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін «жедел дамитын қалаларға» ерекше мәртебе беру мүмкіндігін аса маңызды деп санаймыз. Өйткені жаңа өнімдер, тауарлар мен қызмет түрлері пайда болғанда, оларды реттеу тетіктері әрдайым үлгере бермейді», – деді ол.

Фракция жетекшісі партияның бір палаталы Парламентке көшу қажеттігі жөніндегі ұстанымын тағы да растады. Оның айтуынша, партия бұл модельді дәйекті түрде жақтап келеді және Конституция жобасы «Ақ жолдың» ұлттық бизнес пен отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бағытындағы көзқарастары мен қағидаттарына сәйкес келеді.

«Құжат жоғары ұйымдастырушылық әрі мазмұндық деңгейде әзірленді деп есептейміз. Әріптестеріміздің жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару жөніндегі ұсынысын қолдаймыз», – деді Азат Перуашев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз