Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Келешек мектептері» жобасы аясында Созақта жаңа білім ордасы бой көтерді

Білім ордасында 64 оқу кабинеті, спорт залы, акт залы және асхана толық жабдықталған. Мектептің материалдық-техникалық базасы жаңа деңгейге көтерілді. Ішінде интернетке қосылған 5 арнайы компьютер кабинеті бар. Сондай-ақ, оқу үдерісін цифрландыру мақсатында 64 интерактивті тақта орнатылған.

Бүгінде 120-дан астам жоғары білімді педагог шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Ұжымда тәжірибелі зерттеуші, сарапшы, модератор және шебер педагогтер қызмет атқарады. Олардың кәсіби дамуына және оқыту сапасын арттыруға барлық мүмкіндік қарастырылған.

Жаңа «Келешек мектеп» ғимаратының ашылуы – Созақ ауданының білім беру жүйесіндегі маңызды жаңару. Бұл жоба өңірдегі балаларға заманауи жағдайда білім алуға, ұстаздарға қолайлы еңбек етуге мүмкіндік беріп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз