Ақтөбеде 238 миллион теңгені жымқырған мектеп бухгалтері сотталды. Облыстық прокуратураның арнайы прокурорлары №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
Бюджет қаржысына қол салған қызметкер қызметін пайдаланып, бес жыл бойы білім мекемесінің қажеттілігіне бөлінген мемлекет ақшасын иемденіп келген. Яғни, артық жалақы төлеу, қосарланған демалыс беру арқылы ақшаны қалтаға басқан. Есепшінің кінәсі дәлелденіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.