Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дағы электр энергиясын ірі өндірушілердің бірі – қытайлық China Datang Corporation Ltd компаниясы өкілдерімен кездесті.
Талқылау барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, оның ішінде инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті. Электр және жылу энергетикасында жаңа қуаттар енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды.