Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-11
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

12 жастағы баланы скотчпен байлап, үйін тонаған қаскөйлер құрықталды

Шабуыл жасағандар үйден шығып кеткеннен кейін бала қолындағы скотчты тістеп шешкен. Кейін алыс емес жерде орналасқан учаскелік полиция инспекторының үйіне барып, болған жағдай туралы хабарлаған. Полицияның барлық күші дереу күдіктілерді іздеуге жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары есепте тұрған адамдарды тексеріп, ауылға келген адамдар мен бөтен көліктер туралы ақпарат жинай бастады.

«Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысының 30 бен 38 жас аралығындағы төрт күдікті тұрғыны анықталды. Тайынша ауданының полиция бөлімі және криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері оларды Астана қаласының аумағында ұстады. Қазіргі уақытта үш айыпталушы қамауға алынды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз