coronavirus2020.kz деректері бойынша 2-мамырда Қазақстанда 2 496 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл соңғы 6 күндегі ең төменгі көрсеткіш (26 сәуір — 2 284). Дегенмен, ағымдағы деңгей жоғары болып қала береді.
- 20 күн қатарынан күн сайын анықталған жаңа фактілер саны 2 200-ге көбейіп отырды
- Осы күндердің ішінде 17 күн бойы республикада 2 500-ден астам жаңа факт тіркелді
Нәтижесінде: сәуір ауру жұқтыру статистикасы бойынша ең нашар ай болды – бір айда 75 841 жұқтыру жағдайы анықталды. Алдыңғы антирекорд 2020 жылдың шілдесінде, 49,3 мың факт анықталған кезде орын алған болатын.
Айта кетейік, мамыр айының алғашқы екі күнінде Covid-19-дың тіркелу саны 2020 жылдың қыркүйек (2 107) және қазан (4 439) айларындағы деңгейден асып түскен.
Аймақтардың жартысынан көбі қызыл аймақта
Қазақстанның көптеген аймақтарында ауыр жағдай қалыптасып отыр. 2-мамырдағы жағдай бойынша республиканың 9 өңірі қызыл аймақта. Олардың арасында:
- Нұр-Сұлтанда 2-мамырда соңғы 6 тәулік ішінде бірінші рет елордада жаңадан жұқтырғандар саны 400-ден (352 жұқтыруға дейін) төмендеді, бірақ қала ковид жұқтыру бойынша екінші орынды иеленуін жалғастыруда
- Алматы екі айдан бері сырқаттанғандардың тәуліктік саны бойынша көш бастап тұр. 15-сәуірден бастап күнделікті көрсеткіш айтарлықтай тұрақталды және 660-690 жаңадан жұқтыру оқиғасы шегінде (2 мамыр – 667)
- Шымкент – 5 тәулік ішінде күнделікті жұқтырғандар саны 100 адамнан асады. Соңғы үш аптада 2 мыңнан астам факт тіркелді. Пандемия басталған уақыттан бері – 9,7 мыңға жетер жетпес.
- Ақмола облысында – 10 күнде жаңа жұқтыру оқиғаларының саны тәулігіне 130-дан жоғары
- Жамбыл облысы – алдыңғы өңірлерге қарағанда жағдай біршама қалыпты: соңғы 6 күнде тәулігіне 68-79 оқиға
- Батыс Қазақстан облысы – дәл сол 6 күнде күн сайын анықталатын фактілер саны 110-нан асады
- Қарағанды облысы – 19 күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны тәулігіне 200-ден асады. Соңғы 10 күнде – 230-дан астам
- Қызылорда облысында – 2-мамырда 93 факті тіркелді. Бұл аймақ үшін 2020 жылдың шілдесінен бастап ең көп орын алған оқиға.
- Павлодар облысында 1 мамырда 176 факт анықталды, бұл ақпаннан бастапқы ең жоғары мән болып табылады.
Сары аймақтардағы жағдай
Сары аймақта бес аймақ бар. Бірақ мұнда да жағдай қуанарлықтай емес.
- Алматы облысында 2 мамырда анықталған жаңадан жұқтыру фактілерінің саны 180 — тек Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағанды облыстарында ғана көбірек. Сонымен қатар, аймақтың өзінде соңғы рет жұқтыру фактісінің ең төменгі мөлшері 19 наурызда тіркелді (177)
- Атырау облысында 2 мамырда 75 жұқтыру фактісі анықталған. Бұл 6 күндегі ең төменгі, ал соңғы 20 күндегі екінші орында тұрған мән.
- Ақтөбе облысында 118 адам жұқтырған, бұл аймақ үшін бес күн ішіндегі минимум болып табылады
- Шығыс Қазақстан облысында 85 оқиға тіркелген, бұл да 5 тәулік ішіндегі ең төменгі көрсеткіш
- Маңғыстау облысында 27 сәуірден бастап тұқтырғандар саны тәулігіне 55-62 төңірегінде анықталған.