Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ресейдің Youtube-пен соғысы Қазақстанға да әсер етуі мүмкін — Сабиров

471
Шавкат Сабиров

Ресейде  Youtube, Facebook және бірқатар ұқсас шетелдік интернет-сайттарды бұғаттауы мүмкін. Заң жобасы Мемлекеттік Думаға енгізілді және оны 2020 жылдың соңына дейін қабылданады деп күтілуде. Жаңа заң ядролық бомбамен салыстырылды.

Ұсыныс білдірген авторлар 2020 жылы ресейлік БАҚ 24 рет цензураға ұшырады немесе тіпті бұғатталды деп түсіндірді.

Қазақстанның Интернет ассоциациясының басшысы Шавкат Сабиров ресейліктер бұл қадамға баруға мәжбүр  деп санайды. Соңғы бірнеше жылда көптеген интернет-ресурстың саясаты тым біржақты және орынсыз және ол Ресейге ғана қатысты емес.

Егер бұл текетіресте батыл іс-қимылдар қабылданса, таяқтың бір ұшы Қазақстанға да тиеді.

Бұл туралы Шавкат Сабиров біздің порталға берген сұхбатында айтып берді.

Ресейліктерді ұзақ уақыт бойы және озбырлықпен «басуда»

Шавкат Омарұлы, Ресейде  «Ресейге қарсы үгіт-насихат» жасағаны үшін Youtube сияқты ресурстарды бұғаттамақшы. 2020 жылдың соңына дейін заң барлық инстанциялар арқылы  өтеді деп күтілуде. Бұл қаншалықты дұрыс шешім?

— Өте жақсы сұрақ. Интернетті басқару бүгінде белгілі бір елде жұмыс істейтін веб-сайттардың құқықтық өрісін реттеуге келіп тіреледі. Бұндай жағдай Еуропадағы электрондық коммерцияда басталды, содан кейін ол Ресейге, енді олар әлеуметтік желілерге де келді. Мәселе бұғаттау туралы емес, ресейліктер Youtube, Facebook және басқа интернет-алаңдардың жұмысын дұрыс жолға қоюға тырысуда.

Олар өз контентінің неге оқшауланғанын анықтауға тырысады. Мысалы, Twitter хабарламаларды таңбалайды және трендтерден алып тастайды, Facebook хабарламалар мен фотосуреттерді бұғаттайды, ал Youtube видоеларды жарияламай,  қауіпті деп белгілейді. Бірақ осыған ұқсас аккаунттарға мүлдем басқа саясат қолданылады.

Мұндай іріктеу интернет-алаңдардың саясатына қайшы келеді. Міне, олар өздеріне қатысты осындай алалаушылықтан арылғысы келеді.

Яғни, Ресей тарапының талаптары толығымен негізделген бе?

— Олар бір нәрсе жасауы керек еді. Қазірдің өзінде озбырлықпен «басып» тастауда, ал ары қарай не болады деп күтіп отыру мүмкін емес. Менің ойымша, біз де дәл солай істейтін едік. Бұл ойынға қатыспағандықтан, көп нәрсе бізге беймәлім.

Алайда, бұл жағдай ресейліктерге ғана емес. Өйткені, Трамптың Twitter-дегі хабарламалары жалған деп белгіленген.

Яғни біржақтылық және сәйкессіздік анық байқалады

Неліктен Facebook 9 мамырда рейхстагтағы әйгілі Қызыл Жалау суретін кенеттен бұғаттап тастады? Менің ойымша, мемлекеттік БАҚ маркері қазіргі кезеңде өте орынды тақырып, бірақ оны әлемдегі барлық мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына — BBC, Азаттық радиосы немесе Хабар радиосына да қою керек. Интернет-алаңдардың саясаты барлығына бірдей болуы тиіс. Айтпақшы, фейкпен күрес дәуірінде таңбалау тақырыбы өте өзекті.

Интернет ақпараттық соғыс құралына айналды деп бекер айтылмаған. Оның қай уақытта басталғанын айтуға бола ма?

— Әрине, нақты күнді айту мүмкін емес. Менің ойымша, соңғы төрт жыл ішінде ақпараттық күрес тек екі блоктың қарама-қайшылығында ғана емес, сонымен бірге АҚШ-тың өз ішінде де арта бастады деп айтуға болады.

Егер қатысушылар ашуға мінсе, барлығына оңай болмайды

Бұл белсенділік немен байланысты?

— Ресейлік үгіт-насихат өте күшті және нәтижелі жұмыс істейді. Егер олар ешкімді қызықтырмаса, ешкім «қумас еді». Біз үгіт-насихат жүргізе аламағандықтан,  бізге ешкім соққы жасамайды.

Жиналыстардың бірінде бізде ресейлік медианың үстемдігі бар деген әңгіме болды. Осыған байланысты Еуропалық Одақ тіпті Ресейдің үгіт-насихатына қарсы күрес туралы қарар қабылдады. Мен бұған шыдай алмадым және оның орнына қазақстандық насихатқа қарсы күрес  туралы жазған дұрыс деп айттым.

Өзіңіз ойлаңыз,

Қазақстанда мемлекеттік БАҚ-тың 90%-дан астамы теледидар нарығында болса, интернет-нарықта жағдай керісінше —

онлайн БАҚ-тың 80%-дан астамы мемлекеттік емес. Яғни қазақстандық интернеттегі ақпараттық өріс мемлекеттік емес БАҚ-қа тиесілі.

Ал бұғаттау техникалық тұрғыдан қаншалықты тиімді болады? Telegram-ды бұғаттауға тырысқаны есімде. Бұл кімге керек болды?

— Тиімділік төмен болатыны түсінікті. Бұл оң қолыңыздың сол қолыңызды ұстап беруі секілді ғой, нәтижесі барлығына оңай тимейді.  Ресей бірінші кезекте өзін шектейді, екінші кезекте  таяқтың бір ұшы бізге де тиеді. Мысалы YouTube-тің өзі Ресей нарығынан түсетін кірісін жоғалтады. Сондықтан бұл жағдайда бәрі зардап шегеді. Қазақстанды да айналып өтпейтіні анық.

Дегенмен, бұғаттауға  дейін жете ме? Егер солай болса, бізге қаншалықты әсер етеді?

— Егер қатысушылар шынымен ашуға мінсе, жағдай бұғаттауға дейін жетуі мүмкін.  Қазақстан тікелей әсер етпейді, бірақ жанама соққы тікелей соққыдан күшті болуы мүмкін. Ресейде Youtube-ке кіру бұғатталғанын елестетіп көріңіз. Сонда осы алаңда жарнама жасайтындар бірден табысынан айырылады, өйткені Ресей нарығы бұзылады.

Қазақстандықтар Youtube-те өте көп контентті тұтынады және сәйкесінше табыс табады. Әрине Ресейдегідей көп емес. Сонымен қатар біз кино, музыка, мәдениет, спорт және білім беру түрінде көптеген орыс тіліндегі контентті  тұтынамыз. Бұл контенттің көлемі де төмендейді.

Біздің телеарналар айтатын ертегідегі өмірді қайдан табуға болады?

Қазір көптеген сарапшылар Интернетке көп көңіл бөле бастады, өйткені әлеуметтік желілердің әлеуеті теледидардан әлдеқайда асып түсті. Кем дегенде ішкі саясат саласында үлкен мәнге ие болды.

— Әлеуметтік желілердің әлеуеті зор екені сөзсіз. Бірақ барлық елде бірдей емес. Қазақстанға қатысты мұндай көзқарас әділ болуы мүмкін, себебі

соңғы он жыл ішінде біздің теледидардағы контентке сенім төмендеді

Теледидардан айтатын өмірді қайдан табуға болады деген әзілдер мен мемуарлар да болды. Сол Ресейде немесе Украинада теледидар аудиториясы әлі де үлкен және  басым. Сонымен қатар, теледидар арналарының өздері интернет-алаңдарға  белсенді түрде кіруде.

Көбінесе теледидарда кейбір сауалнамалар жүргізіледі, оларға қатысу үшін телефон арқылы қоңырау шалып, дауыс беру керек. Олар

жүз мың дауыс жинайды және бұл телефонды қолына алып, нөмірді тергендер ғана. Қоңырау шалмағанымен, қарап отыратын адамдар да бар емес пе?

Яғни, теледидардың аудиториясы бұрынғысынша және әлі де өте үлкен.

Жалпы, ірі әлеуметтік желілердің қазіргі саясатында өз алаңын құру туралы ойластырған жөн. Қандай да бір себептермен Facebook қол жетімді болмайды деп елестетіп көріңіз. Қазақстанда қанша адам саяси жұмыссыз қалады?! Бұл риторикалық сұрақ.

Ресейліктер осы идея тұрғысынан ойланып отыр. Оларға өз алаңы қажет, олар бірден бейнелерді және басқа контентті  және т.б. көру үшін өз ресурсын жасады.

Біз ең жақсы жұмыс тәжірибесін, соның ішінде насихаттауды үйренуден тартынбауымыз керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз