Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Орталық Азиядағы бизнес карантиннен қандай сабақ алды — сарапшылар көзқарасы

146

Мәселен, Қазақстанда карантин кезінде қымбат мейрамхана даяшылары ораушы мен жеткізуші қызметіне ауысты. Тәжік маркетологтары ақ көйлектерінің жеңдерін түріп, Душанбе көшелерінде жұмыс істеуге шықты. Әуе  қызметіндегі топ-менеджерлер наразы клиенттердің телефон қоңырауларына жауап беруге мәжбүр болды.  Орталық Азия елдерінің сарапшылары Go Viral 2020 фестивалінде осы және басқа да мәселелерді көтерді.

Тәжікстанда қаржылық технологиялар белсенді дамуда

Пандемияға дейін де Тәжікстан экономикасы мінсіз болмады, дейді Душанбедегі Wavemaker басқарушы директоры Шерали Джурабаев. Оның компаниясы маркетингтік коммуникациялармен айналысады. Шералидің стартаптар мен компанияларды іске қосуда үлкен тәжірибесі бар. Олардың арасында маңызды зерттеу компаниялары мен радиостанциялар бар. Оның айтуынша, сәтті жобалар пайда әкелді. Ал сәтсіздері тәжірибе жинақтауға көмектеседі.

— Біз әрдайым жайсыз экономика жағдайында жұмыс істедік. Сондықтан жаңа ештеңе болмады, нарықта тірі ақша аз болды. Дағдарыс кезінде біз бір нәрсені сата алмаймыз деген түсінік болмауы керек.  Дағдарыста тек сатып алу қабілеті төмендейді. Клиенттердің шағын тобының қажеттілігін сізге қолайлы бағамен теңестіретін нұсқаларды іздеу керек.

Тәжік кәсіпкері бизнес бәсекелестерінің өнімдерінің жанында өз өнімінің қалай көрінетінін қарауы керек дейді. Өнімдерге мүмкіндігінше көбірек қызмет қосқан жөн. Ол бүгінде тұтынушымен өзара іс-қимыл тәсілдері өзгеріп жатқанын атап өтті. Мұны ескеру маңызды.

Сарапшының айтуынша, пандемияның арқасында елде жеткізу қызметінің саны артты.

— Жергілікті ойын-сауық контентіне сұраныс артты. Тәжікстанда қаржылық технологиялар саны көбейді.

Бірақ бүкіл ел аумағында мобильді интернеттің жылдамдығы жоғары болғанына қарамастан цифрлық қызметтер баяу дамуда.

— Негізінен бұл отандық өндірушілердің өздеріне де байланысты, олар көбінесе экономиканың даму трендтерін түсінбейді және үйреншікті схемаларды ұстануды жөн көреді.

Тәжікстан халқының орташа жасы — 23,5 жас, интернетті тұтыну көлемі артуда. Тәжікстан —моноұлттық мемлекет, халықтың 84,7%-ы этникалық тәжіктер. Тиісінше, ана тіліндегі қызметке сұраныс артуда. Қазіргі уақытта сұраулардың көпшілігі орыс және нашар орыс тілдерінде жасалады деп айтуға болады.

Бұрын аспаз, қазір ораушы

Пандемияға байланысты Қазақстанның ірі қалаларында мейрамханалар мен дәмханалар саны айтарлықтай қысқарды. Үй-жайлар жабылды, жиһаздар шығарылып, мекемелердің есіктерінде Сатамыз немесе жалға береміз» деген белгілер іліне бастады.

Rumi-дің бас директоры Диас Нұрғожиннің айтуынша, дағдарыс бизнесі белгілі бір шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, карантин кезінде қонақтарды қабылдау мүмкін болмағандықтан, қызметкерлер құрамын оңтайландыруға тура келді.

—  Пандемияның үш-төрт айында мейрамхананың кірісі 70%-ға төмендеді. Пандемияға дейін біздің түсіміміздің 90%-ы қонақтардың мейрамханаға баруына байланысты болды. Жеткізуден түсетін кіріс 10%-ды құрады.

Алайда, карантин кезінде жеткізу 100% табыс әкелді.

Сонымен қатар, біз мәзірді қысқарттық. Тиісінше, аз өнім сатып аламыз. Қазір бізде негізгі мәзір және маусымдық ұсыныс бар.

Дағдарыс кезінде ең күштілер немесе қаржысы көптер емес, бейімделе алатындар аман қалады

Серіктестермен келісе білу керек. Олардың арасында жалға берушілер де, сервистік компаниялар, жеткізу және бағдарламалық қамтамасыздандыру бойынша серіктестер де бар. Бірден бәріне хат жаза бастадық. Мен барлық серіктестерімізге жеке қоңырау шалдым.

Жүзден астам қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Жұмыста қалған адамдар әмбебеп қызметкерлерге айналды. Машинасы барлардың барлығы жеткізуші болып кетті.Аспаздардың кейбірі ораушы болып қызметін ауыстырды.

Ресторатордың айтуынша, олар ақпараттық вакуум болмауы үшін маркетинг бөлімін көбейтті. Атап айтқанда, әлеуметтік желілердегі мақсатты жарнамаға баса назар аударылды.

Қырғызстандықтар дағдарысқа үйреніп кеткен

Пандемия кезінде АТ-қызметтердің қажеттілігі артты, дейді қырғызстандық кәсіпкер Азис Абакиров. Ол жоғары технологиялар саласында еңбек етуде. Дегенмен, 2020 жылға жоспарланған өсу қарқынына қол жеткізе алмады.

— Бұл жыл Қырғызстанның АТ нарығы үшін қиын кезең болды. Негізінен біз аутсорсингке назар аударамыз, тіпті біздің компаниялар да қиындықтарға тап болды. Бірақ соған қарамастан біздің салымыз суға кетпеді. Жоғары технологиялар паркі еліміздің барлық IT-компанияларына салықтық преференциялар береді. Олар бағдарламалық жасақтаманы экспорттаумен және жасаумен айналысады.

Қырғызстандағы шағын және орта IT-компаниялар тез арада жаңа өнімдерге бет бұрып, икемделе білді

Әрине, өндірушілердің кеткені байқалды, бірақ беліміз дағдарысты үйреншікті нәрсе ретінде қабылдайды.

Өзбекстандағы стартаптар өз уақытын күтіп тұр

Өзбекстанның венчурлық капитал қауымдастығының басшысы Дильшод Зуфаров дағдарыс тұтастай алғанда елдегі венчурлық нарыққа оң әсер етті деп санайды. Бұл несие алу үшін пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуіне байланысты болды. Бұрын 30% болған, қазір Орталық банк оларды азайтты.

— Депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер де төмендеді.

Бұрын бізде сомдағы салымдар бойынша 23-25% болатын. Әлемнің бірде-бір елінде жергілікті валюталар бойынша мұндай көрсеткіштер  жоқ

Ал долларлық салымдарда бізде жылдық 8-10% болды. Бұл мемлекет кепілдік берген депозит! Нарықта мұндай пайыздық мөлшерлемелер болған кезде венчурлық капитал ешқашан дамымайды.

Өзбекстанның орталық банкі пайыздық мөлшерлемелерді төмендетті, ал қазір доллар 4% құрайды. Жаппай нарықта әлеуетті инвесторлар, қолында ақшасы барлар пайда болды. Яғни,  ставкасы төмен болғандықтан,  қаржысын банкте ұстауға мүдделі емес адамдар.

Бірақ біз пайыздық мөлшерлемелерді төмендетудің екінші толқынын өткізуді жоспарлап отырмыз. Біріншіден, несиелер берілуі мүмкін. Екіншіден, еркін ақша ұстаушылар ақшаны банктерде сақтап қана қоймай, инвестициялаудың жаңа жолдарын іздейді.

Сарапшының айтуынша

ковидтің арқасында туризмді дамыту бойынша стартап-жобалар жылжымалы медицина және ұялы байланыс саласындағы жобаларға қарай ауыса бастады

— Дағдарыстың теріс әсерінен мәміле жасау сатысында тұрған бес инвестициялық жобан тоқтатуға тура келді. Бірақ комплаенске және басқа да қажетті рәсімдерге айтарлықтай қаржы ресурсы жұмсалған еді.

Бастапқы пассивті инвестициялар басталған жобаларды тоқтатуға тура келді. Сондықтан барлық стартаптар өз уақытын күтуде.

Классикалық, мәселен жылжымайтын мүлік бойынша жобалар дивидендтер төлеуді тоқтатты. Бірақ өзіндік артықшылығы бар,  Өзбекстанның венчурлық нарығы жанданды.

Пайдалы тәжірибе

Тәжік спикері: кез келген дағдарыс он жылда бір рет болатынын есте ұстаған жөн. Бәрі бір күні аяқталады. Экономикадағы рецессиядан кейін көбінесе өрлеу кезеңі басталады. Шерали Журабаев дағдарыс кезінде жалақыларын сол деңгейде ұстап, ешкімді жұмыстан босатпағандарын мақтан тұтады. Бизнесмен компанияның әрбір маманы бірегей деп есептейді. Егер қызеткерлерді қысқартсақ, дағдарыстан кейін жақсы мамандар табу қиын болады дейді.

— Дағдарыс бізге адамдармен қарым-қатынас жасауды, оларға кім екенімізді түсіндіруді үйретті. Бұрын біз халықаралық клиенттерге бизнес жасадық және риза болдық. Ал бүгін біз жеңімізді түріп, осы бизнесті онша түсінбейтін әлеуетті клиенттерге шықтық. Сондықтан маркентинг рөлі зор. Маркетинг— адамдардың сіз туралы ойы, ақпараты.

Туристік компанияның басшысы Николай Мазенцевтің айтуынша, дағдарыс кезінде нарықтың үлесі екі есе өсіп, қолдау бөлімінің жүктемесі артты.

— Біз екі оттың ортасында қалдық. Бір жағынан ашулы клиенттер, екінші жағынан, ақшаны қайтаруға асықпаған әуе және теміржол компаниялары.

Билетінің ақшасын қайтаруды талап ететін клиенттердің саны артты. Сондықтан топ-менеджерлер мен басқа қызметкерлер бұл қызметке белсенді түрде көмектесті.

Реставратор Диас Нұрғожин дағдарыс кезінде командалық рухты көтерудің пайдалы болғанын айтады.

— Мен қызметкерлеріме қателесуге мүмкіндік беремін. Ешнәрсе жасамайтын адам ғана қателеспейді. Мен оларға компанияны құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек деймін! Басшы ретінде мен өзімнен де білімді, білікті кәсіби мамандарды жанымда ұстауға тырысамын.

Ташкенттік сарапшы Дильшод Зуфаров дағдарыс қалалардың өзгеретінін көрсетті және инвесторлар урбанизацияның жаңа трендтеріне назар аудара отырып, өздерінің ақша ағындарын қайта қарауы тиіс деп қосты.

Орталық Азия елдерінің сарапшылары дағдарыстың да соңы болатынын ұмытпауға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз