Техникалық құралдар мен білім жетіспеуде.
Жарияланымның авторлары — Бауыржан Боқаев пен Зулфия Төребекова.
Жұмыстың толық нұсқасы ҚСЗИ сайтында жарияланған.
Қазақстанда білім беру процесіне 6 млн адам қатысады
Олар: ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, білім беру органдарының қызметкерлері.
Әлеуметтанушылар пандемия кезінде оқу процесінде ата-аналарға ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Сондықтан да олар сауалнамаға қатысты.
Зерттеуге 30 мыңнан астам респондент тартылды, тағы 65-іне жан-жақты сұхбат жүргізді. Басым көпшілігі (95%) — әйелдер.
Негізгі жас тобы — 26 жастан 45 жасқа дейін (80,12%). Сұралғандардың басым бөлігінің жоғары (43,2%) және кәсіптік-техникалық білімі (34,3%) бар.
Сауалнамаға қатысқан отбасылардың 20%-ында екі бала, 27,1% — үш бала, 25,6% — төрт бала тәрбиелеп отыр. Респонденттердің 10%-ға жуығы толық емес отбасылар (жұбайы/зайыбы жоқ).
Авторлар бірінші кезекте елде цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
— Мектептердің 99%-ы немесе 7 332-сі (ҚР-да барлығы 7 393 мектеп) интернет желісіне қосылған. 2017 жылдан бастап барлық қазақстандық мектеп сандық білім беру ресурстары мен платформаларына қосылған, — деп атап өтті олар.
Бұл жұмыс қашықтықтан оқытуға көшуді жеңілдетеді деп үміттенуге болатын еді. Алайда, сауалнама нәтижелері біз күткеннен басқаша болды.
Қазақстандық мектептердің көпшілігінде (зерттеуге қатысушылар бойынша шамамен 97%) қашықтықтан және/немесе онлайн оқытуды пайдаланады. Бірақ көбінесе компьютерлер емес, телефондар арқылы:
— Респонденттердің 21%-ы ғана оқу процесінде ноутбукты/компьютерді негізгі техникалық жабдық ретінде пайдаланған. Қазақстандық отбасылардың көпшілігінде үйде қашықтықтан/онлайн оқытуға қажетті техникалық құралдар жоқ, — деп атап өтті авторлар.
Ал отбасыда
орта есеппен алғанда мектеп жасындағы екі бала бар, яғни кем дегенде екі компьютер керек
Сондай-ақ, ата-аналар техниканың жетіспейтінін айтып шағымданды:
«Отбасының барлық мүшелеріне бір смартфон. Бұлай сабақ оқу мүмкін емес. Не істеу керегін білмейміз» (әйел адам, 45 жаста, Қарағанды облысы);
«Үлкен баламыз НЗМ-да 8 сыныпта оқиды, оған тек ноутбук керек; екінші бала, 4 сыныпта, ол ұялы телефон мен теледидар пайдаланады» (әйел адам, 40 жаста, Нұр-Сұлтан қ.);
Сұралғандардың жартысынан астамы Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің оқытудың жаңа нысанына көшуге дайындығын теріс бағалады.
Респонденттер ескі проблеманы — оқытушылардың кәсіби деңгейін еске түсірді. Бұл мәселеде сұралғандардың төрттен үш бөлігі риза екенін айтса да,
қалған 30%-ы жалпы оқу контентінің сапасы туралы кері пікір білдірді
Зерттеуге қатысушылардың көпшілігі Интернет сапасына риза емес (34,4%).
Нәтижесінде респонденттердің жартысынан астамы жаңа оқу түріне көшкеніне көңілі толмайды. Әсіресе орталық және жергілікті биліктің дайындығын сынға алуда.
— Биліктің қашықтықтан оқытуға қатысуға қажетті интернет пен ноутбуктер талап етілетін көп балалы отбасыларға көмек көрсету қабілеті туралы айтылуда, — деп нақтылады социологтар.
Авторлар ата-аналардың пікірін ескеру керек деп санайды. Ең дұрысы — «ағымдағы жағдайды және мақсатты аудиторияның бастамаларды қабылдауы мен ұстану қабілетін диагностикалау үшін мақсатты әлеуметтік зерттеулер жүргізу».
— Ата-аналар ғана балалардың үйде оқуға дайындығын нақты бағалай алады, —деп түйіндеді авторлар.