Мұнайдың бір баррелінің бағасы тағы да 40 доллардан төмендеді. Сарапшылар қайтадан көтерілмеуі де мүмкін деп отыр.
Бірақ Brent бағасы 40 доллардан жоғары деңгейді ұзақ сақтап тұра алмады, бар болғаны бір апта өтті. Бейсенбіде, 11 маусымда, котировкалар $38,6-ға дейін түсіп, 7%-ға төмендеді. Осылайша,
бір тәулік ішінде өндіруді қысқарту туралы шартты ұзартуды қамтамасыз еткен барлық өсім жоғалды
Төмендеу келесі күндері де жалғасты. 12 маусымда Brent бағасы 37 долларға төмендеді, бұл 27 мамырдан бері қарай тіркелген ең төменгі деңгей. АҚШ-тың WTI сортының бағасы $35 долларға дейін төмендеп, тәулігіне 10% шығын көрді.
Сауда-саттықтың соңына қарай серпіліс болғанымен, Brent бағасы 39 долларға дейін көтерілмеді, бұл екі апта бұрынғы деңгей.
Сарапшылардың пікірінше, ендігі жерде әлемдік бағалардың төмендеуіне ОПЕК+ мәмілесін ұзарту ықпал етпейді. Қазір нарықта үрейлі жаңалықтардың рөлі басымырақ болып тұр. Олардың бастысы– әлемдік сұранысты қалпына келтіру қарқынының төмендігіне қатысты қорқыныш.
Инвесторлар мұнай бағасы 40 доллардан жоғары деңгейге шықса, мұнай нарығында теңгерім орнайды деп күткен еді. Бірақ бұл көбінесе әлемдік сұраныстың қалпына келуімен байланысты.
Мысалы, Goldman Sachs жақын арада бір баррелдің бағасы 35 долларға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше,
әлем елдері бұрын болжанғандай карантиннен тез арада шыға алмайды
Сонымен қатар, әлі күнге дейін ұсыныс сұраныстан әлдеқайда жоғары. ОПЕК+ мәмілесіне қатысушылардың мәселелері мен тәртібіне де қатысты сұрақ туындады, американдық сланцевиктерді іске қосу тәуекелі бар, жалпы алғанда, тіпті рұқсат етілген өндіру көлемі қазіргі жағдай үшін жоғары деңгейде болып отыр.
Екінші фактор – АҚШ-та мұнайдың рекордтық қорының болуы. АҚШ-тың Энергетика министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, резервуарларда 538 млн баррель жинақталған, ешқашан мұншалықты көп болған емес.
Мұнай нарығына коронавирустың екінші толқынына байланысты қауіп те айтарлықтай қысым жасап отыр. Әлемде вирус жұқтырғандардың саны рекордтық деңгейде — күніне 130 мыңнан астам адам тіркелуде. Ал сәуір айында олар 70-90 мың болды. АҚШ-та карантиндік шектеулер тоқтатылғаннан кейін 20 штатта вирус анықталғандардың саны артып кетті.
Вирустың бірінші толқынынан кейін есін жинап үлгермеген әлемге екінші толқын қаупі төніп тұр.
«Экономиканың тұрақты дамуына деген үміт ақталмауда», — дейді Oanda-ның аға сарапшысы Эдвард Мойя.
Алайда АҚШ-тың Қаржы министрлігінің басшысы Стивен Мнучин Америка тағы бірнеше ай бойы экономикасын карантинге жаба алмайды деп мәлімдеді.
Әлемде мұнай бағасының төмендеуі теңге бағамына өз әсерін тигізді. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 13 масым күні америкалық валютаның ресми бағасы 403 теңге 38 тиынды құрады, бір тәуліктің ішінде 3,91 теңгеге артты.
Нәтижесінде соңғы он күннің ішінде алғаш рет доллар құны 400 теңгеден жоғары деңгейге көтерілді. Сондай-ақ Қазақстан қаржы биржасының соңғы 7 жұмыс күнінің алтауында америкалық валютаның ресми бағамы көтерілуде.
Төрт күн бойы еуро да қымбаттады, осы уақыт аралығында құны 7,91 теңгеге артты. Оның ресми бағамы 456,67 теңгені құрайды, соңғы айда бір рет қана осы бағамнан жоғары көрсеткіш тек бір рет тіркелді (30 мамыр – 458,13).
Рубльге келетін болсақ оның бағасы мүлдем өзгермеді – 5,8 теңге, бұл бір апта бұрынғы деңгейден 2 тиынға азырақ.