Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

ЕАЭО ыдырай ма: алғышарттары мен себептері — сарапшы пікірі

267

Орта Азиядағы нағыз бірігуге «саяси элиталардың менмендігі» кедергі келтіруде дейді шығыстанушы Александр Князев. Сарапшы «Независимой газета» басылымында жарияланған мақаласында

аймақтың нақты бірігуіне кедергі келтіріп отырған бірнеше факторларды атап өтті

Қазір елдер  проблемалар шоғырын шеше алмай жатыр, қандай да бір нәтижеге келетіні де белгісіз.

Кім аймақтың көшбасшы болады?

Сарапшы Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланғаннан кейін

сыртқы саясаттағы өңірлік қатынастардың басымдығы туралы айтқан мәлімдесі

туралы еске салды.

Оның бастамасын Нұрсұлтан Назарбаев та қолдады, ол бойынша 2018 жылдың наурыз айында алғашқы бес жақты консультативтік кездесу өтті. Ал 2019 жылдың қарашасында екіншісі болды.

— Орталық Азиядағы өңірлік көшбасшылыққа берілген құжат жүзінде рәсімделген алғашқы өтінім Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілді. 2020 жылғы 9 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасына қол қойды. Онда атап айтқанда, Қазақстанның осыған дейін «ішкі аймақтық интеграцияны дамытуға» жасаған ұмтылысының орнына

Қазақстанның «Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы мемлекет» ретінде мәртебесін бекіту туралы

айтылған, деп жазады Князев.

Сондай-ақ, өңірлік мақсаттар мен міндеттер қатарына «Орталық Азия өңірінде жетекші позицияларды нығайту және Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделерін ілгерілету» жатады.

Шығыстанушы таяу болашақта Қазақстан мен Өзбекстанның арасында бәсекелестік туындауы мүмкін деп есептейді. Негізгі мәселе: өңірлік көшбасшы кім болады?

Қазір нақты бірігудің болуы екіталай

Бұдан ары сарапшы ЕАЭО-ға мүше елдермен тығыз өзара әрекеттесу туралы тезистегі екі «ескертуге» назар аударды:

«ЕАЭО  туралы Келісімде белгіленген салаларда» және «Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерін ескеру мақсатында ЕАЭО шеңберінде келісу процесін жүргізудің тәсілдерін оңтайландыру қажеттілігі» туралы.

Князев бұл вектор «Ташкенттің аймақтық саясатының алдын ала жасалған жауабы» болуы мүмкін деп отыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанның

аймақ елдерін өз бастамасының астына біріктіру

үшін жасалған талпынысы деген пікірді де жоққа шығармайды.

— Қазақстандық сарапшылардың қауымдастығының басым бөлігінде (тіпті саяси истеблишментте де) ҚР Өзбекстанның ЕАЭО толық мүше болуына мүдделі деген пікір қалыптасқан. Бұл ЕАЭО-дағы «ресейлік акциялар пакетінің» бағасын төмендетіп, Қазақстан, Өзбекстан және Белорусь құрамында ресейлік бастамаларға қарсы күш құруға көмектесуі керек, — деп атап өтті Князев.

Алайда шығыстанушы аймақта тежеуші сипаттағы проблемалар көп дейді. Бұл нақты бірігуге кедергі келтіруде. Сондай-ақ жергілікті элиталар ымыраға келіп, шешім қабылдай алмайды.

— Элиталар ұлттық-менмендік мүдделерге басымдық беріп, кез келген стратегиялық ымыраға келу мүмкіндігін жойып отыр. Бұл жағдайды

бес елдің әрқайсысында орын алған саяси және экономикалық мүдделердің әртүрлілігі ушықтыруда

— дейді Князев.

Сондай-ақ мемлекеттердің ортақ  міндеті жоқ. Ортақ қауіп-қатерлердің болуы да біріктіруші фактор бола алмады.

Аймақтағы қауіп-қатер туралы

Сарапшы ортақ қауіп-қатерлердің бірі ретінде  «су-энергетикалық мәселелердің шиеленісуін» айтты.

— Рогу ГЭС құрылысы бойынша Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы қайшылықтардың шиеленісін төмендегіне қарамастан,

әлі күнге дейін бұл мәселеге қатысты бір ымыраға келе алмады,

сондықтан да Орталық Азидағы су, техногенді, азық-түліктік және экологиялық қауіпсіздігіне арналған проблемар беймәлім күйінде сақталуда, — деп атап өтті.

Осы мәселеге қатысты жеке елдердің мүдделері қайшы келді, бұл

бүкіл аймақтағы жоғары әлеуметтік және геосаяси шиеленістің көзі болуы мүмкін

Ары қарай, сарапшы «аумақтық-шекаралық сипаттағы шиеленіс» туралы айтты. Әсіресе Өзбекстан мен Қырғызстан, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе ушығып тұр.

— 31 мамыр күні Чашма бастауының жанында,

өзбек-қырғыз шекарасында Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындары арасында кезекті қақтығыс орын алды

Бұған Сох анклавының аумағындағы суды пайдалану мәселесі себеп болды. Нәтижесінде Өзбекстанның 187 азаматы, Қырғызстанның 25 азаматы зардап шекті, бірнеше үй өртелді.  2020 жылдың мамыр айының ішінде қырғыз-тәжік шекарасында үш рет қарулы қақтығыс болды, — деп еске салды Князев.

Ол аталған проблемалар бергі жағы ғана, шындығына келгенде олар бұдан да көп деп атап өтті. Бұл саяси элиталардың «өз мүдделерін түйістіруге қабілетсіз» екенінің бір дәлелі.

— Аймақтық көшбасшылыққа таласу

әсіресе қазірде қарынды жүргізіліп жатқан  халықаралық қатынастыр жүйесін қайта құрылымдау процесі жағдайында

жағдайды тек ушықтыра түседі, — деп қорытындылады Князев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз