3 ақпаннан бастап Қытайдан Қазақстанға келетін әуе рейстері тоқтатылды. 200 жолаушысы бар ең соңғы рейс 3 ақпан күні сағат 9.15 қонды.
Вице-премьер Сапарбаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан бастап әрбір жолаушы тексеруден өткізіліп, байланыс нөмерлері жазылып алынады. Әуежайда тәулік бойы 80 эпидемиолог-дәрігер жұмыс істейді.
Айзат Молдагасимова журналистерге: «Қала дәріханаларында 400 мыңнан астам маска бар. Бірақ қала бойынша бағасын тым көтеріп жіберген жағдайлар тіркелді. Бір масканы 70 теңгеден, ал респираторларды – 1000 теңгеден сатқан. Call-орталықтарға Алматы қаласының 5 тұрғыны хабарласып, баға саясатын бұзу жағдайлары туралы хабарлады. Полиция департаменті тиісті шаралар қолданды», –деп хабарлады. Бұндай жағдайлар қайталанбас үшін сапаны бақылау департаменті мен фарминдустрия және қала дәріханаларының өкілдері Карантин жағдайында дәрі-дәрмектер мен қорғау құралдарының бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойды. Масқаны 30 теңгеден жоғары сомада сатпау туралы ұсыныс жасалды.
«Бүгінгі күні 6 мыңнан астам жолаушы коронавирус тіркелген елдерден келді, олардың 87% бақылауға алынса, қалғандарына тексеру жүргізілуде, — деп мәдімдеді Айзат Молдагасимова.
— Әлем бойынша ауру анықталғаннан кейін жүргізілген зерттеулерді алып қарасақ, Алматыда 17 сынаманы сараптамаға жібердік. Олардың барлығы теріс нәтиже көрсетті. Жалпы алғанда зертханаға Қазақстан бойынша 111 сынама келіп түсті. Олардың ішінде 100 сынама теріс нәтиже көрсетті, біреуімен жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ
бүгіннен бастап Алматының барлық емханасында ауруларды оқшаулайтын орын ашылды.
«Егер вирус жұқтырдым деген күдігіңіз болса, Call-орталыққа хабараласып, жедел-жәрдем шақырыңыз. Сіздің жағдайыңызды тексеріп, қажет болған жағдайда оқшаулау орындарына орналастырады, қажетті талдаулар алынады», — дейді Молдагасимова.
Департамент басшысының сөзінше, өткен жұмадан, 31 қаңтардан бастап Көші-қон полициясымен бірге қала бойынша қытай азаматтары тұратын жатақхана, ресторандарға тексеру жүргізілуде. Молдагасимова Тексеру нәтижесінде 17 адам аурханаға жатқызылды, оның 5 шығарылғанын мәлімдеді. Медициналық дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін мемлекет қорынан 1,5 млрд теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Эпидемияға қарсы шаралар күшейтілгеннен бастап, 19 мың адам мониторингтен өтті, оның ішінде қауіп тудырмайтын 9,6 мың адам есептен шығарылды.
Елдегі клиникаларда ЖРВИ белгілері бар 41 адам жатыр. 84 адам короновирусты анықтау үшін талдау тапсырды, 74 теріс нәтиже алынды, 11 талдау өндеу үстінде.
Қажетті ақпаратты 1406 нөмері бойынша тәулік бойынша жұмыс істейтін Call-орталыққа хабарласып алуға болады.
Қазіргі мәліметтер бойынша Қазақстанда короновирус жұқпасымен ауырған жағдай тіркелген жоқ.