Бір жыл бұрын лицензиясынан айырылған банк клиенттері жинаған ақшаларын қайтарып алуға асықпауда. Жарты миллиардқа жуық ақша ешкімге керек болмай тұр.
Алғашқы үш күннің ішінде салымшылардың алдындағы міндеттеменің 75%, алғашқы айда – 95% төленді. Қазігі уақытта «Астана банкі» АҚ салымшыларына 37 млрд теңге қайтарылды. Банк-агентке бүгінгі күнге дейін жүгінбеген адамдардың алдындағы банк міндеттемесі бастапқы сомманың 1%-ын құрайды, — деп атап өтті ҚДКҚ.
Сондай-ақ «Астана банкі» 268 мың адамға жалпы соммасы 39,7 млрд теңгені құрайтын карточкалық есепшот ашқан. Бұл жабылған банктің клиенттерінің бәрі бірдей өз салымдарын алып кетуге уақыт таппағанын көрсетеді.
Еуразиялық банкке (банк-агент) 268 мың адамның ішінен ақшасын қайтарып алуға тек 59 мың адам келген. Барлық аймақ бойынша клинеттердің 28% ғана жүгінген. Яғни
банктің бұрынғы клиенттерінің жартысынан көбі өз салымдарынан бас тартқан
«Есепшотта қалған ақша көлемінің көп болмауын негізгі себеп ретінде қарастыруға болады. Сұранысқа ие болмағын депозиттердің 95%-ға жуығы 5 мың теңгеден төмен, оның 80% бір мың теңге шамасында. Осы себептен салымшылар көлемі шағын депозиттер бойынша ақшаларын қайтарып алуға асығар емес , — деп хабарлайды ҚДКҚ.
Алайда олардың арасында қомақты салымы барлар да аз емес. Кейбіреуі тіпті бірнеше миллионды құрайды.
«Әзірге банк-агентке жүгінбеген екі клиенттің депозитінің көлемі максималды сомманы (10 млн. теңге) құрап отыр, сондай-ақ,
30 салымшы – 1 млн артық, 346 адамның – 100 мың,
5 мың адамның – 10 мыңнан артық» салымы бар, — дейді Депозиттерге кепілдік беру қоры.
Салымшылар өз ақшаларын алып кету үшін, ҚДКҚ қайтару мерзімін 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл үшін «Еуразиялық банктің» кез келген бөлімшесіне жүгіну керек.
Qazaq banki қиын жағдайға тап болды. Банк жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату туралы сот шешімі 2018 жылдың желтоқсанында шығарылды. Бұл екінші деңгейлік банкте карточкалық есепшот ашылып, оған 18 мың адамның ақшасы салынды. Жалпы сомасы 20,5 млрд теңгені құрайды. ҚДКҚ мәліметінше:
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2018 жылдың 24 желтоқсанынан бастап салымшылардың ақшасын қайтара бастады. ВТБ банкі (Қазақстан) банк-агент болып таңдалды. ҚДКҚ 2020 жылдың басында салымшылардың алдындағы міндеттемелерінің 99% -ын қайтарып, 20 млрд теңге төленген.
Қаңтардың басындағы мәліметтерге сәйкес 227,2 млн теңге әлі де қайтарылған жоқ. Олар 12 мың салымшының есепшоттарына бөлініп салыған. Ақшасын қайтып алуға келмеген адам орта есеппен банкте 18,8 мың теңгесін қалдырған. Бұл «Астана банкі» қайтаратын соммадан 8 есе жоғары. 2020 жылдың 24 маусымына дейін «ВТБ банкінің» кез келген бөлімшесіне жүгініп ақшаларын қайтарып алуға болады.
Delta Bank-тің де жағдайы мәз емес. Бұнда әр 9 салымшының тек біреуі ғана ақшасын алу үшін келген. Нәтижесінде 2020 жылдың қаңтарында 201,2 млн теңге көлеміндегі ақшаның тек 93,4 млн ғана қайтарылған. Ал қайтару процессі болса 2018 жылы басталған болатын.
«Ликвидациялық комиссия және ҚДКҚ барлық салымшыға хабарласқан. Жалпы тізімдегі 538 адаммен байланыса алдық. Қалғандарының байланыс нөмерлері ауысқан немесе мүлдем жоқ.
Қазіргі сәтте ҚДКҚ «Delta Bank» АҚ салымшыларының мәліметтер базасын жаңартып жатыр. Осыдан кейін клиенттерге қайта хабарласамыз. ҚДКҚ ақшасын қайтарып алуға келген салымшылардың депозит бойынша кепілді өтем соммасын арттырамыз, — деді қор өкілдері.
Жұмысын тоқтатқан банк клиенттері «БанкЦентрКредит»-ке келіп салымдарын қайтарып ала алады. Ең соңғы мерзім – 2020 жылдың 21 мамыры.