Ішкі істер министрлігі азаматтардың тіркеу туралы мәліметтерін электронды форматқа көшіреді.
Нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізілуде.
“Азаматтар тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді “электрондық үкімет” порталындағы жеке кабинетінде тексере алады”, — делінген ІІМ хабарламасында.
“Тұрғын үй иелері сондай-ақ, портал немесе “электрондық үкіметтің” мобильдік қосымшасы арқылы оларда тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді тексере алады.
Мекенжай анықтамаларын беруді жою арқылы – артық қағаз құжат айналымын қысқарту және азаматтарға анықтама алу үшін ХҚКО-ға жүгіну қажеттілігі жойылады”.