Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Құрбан шалудың талаптары қандай?

277
© Sputnik

«Бұл күні Меккеге барған қажылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, қажылық жасауға шамасы келмеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі – құрбандық шалады», – делінген басқарманың сайтында жарияланған ақпаратта.

Құрбандық шалатын адамға қойылатын талаптар:

– ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы;

– тұрғылықты мекенде болғаны, яғни, сапарда болмағаны абзал;

– нисап мөлшерінда артық дәулеті бар адам болуы.

«Бірақ, бұл жағдайы төмен адам құрбан шалмасын деген сөз емес. Ондай құрбандық нәпіл құрбан үкіміне жатады», – делінген басқарманың мәліметінде.

Құрбанға қандай мал шалынуы тиіс?

– бес жасар түйені 7 адам бірігіп немесе бір адам шала алады.

– екі жасар сиыр малын 7 адам бірігіп немесе 1 адам шалуына болады.

– бір жасар қойды 1 адам шалады.

«Құрбан малын ниетті адамның өзі шалса, сауабы әлдеқайда көп деп саналады. Алайда, басқа адамға өкілдік беруге де болады. Ол үшін телефон арқылы немесе хат-хабар арқылы шараны біреуге нақты уақытын айтып тапсыру қажет. Өкілдікті қабылдаған адам құрбандық шартын ниетті адамның айтуы бойынша атқарады», – дейді дін өкілдері.

Құрбан шалу тәртібі қандай?

– пышақ малдың көзінің алдында қайралмауы керек;

– малды сол жамбасына жығып, кеудесімен құбылаға қарату қажет;

– құрбан шалуға ниет ету (өз атынан немесе өзгенің атынан);

– бауыздар алдында «Бисмиллә, Аллаһу әкбар!» деп айту;

– малдың өңешін, кеңірдекті және мойынның екі жағындағы тамырды бір мезетте кесу;

– малдың қаны толық ағып, жаны шыққанша күту қажет.

Құрбандыққа қандай мал шалынбайды?

– малдың бір немесе екі көзі бірдей соқыр болса;

– құрбан шалу орнына өз бетімен жете алмайтындай ақсақ болса;

– тістерінің көбі жоқ болса;

– мүйіздері сынған немесе бір сыңары түбіне дейін жоқ болса;

– бір немесе екі мүйізі түбіне дейін кесілген болса;

– құйрығының жартысы немесе одан көп бөлігі жоқ болса;

– мал тым әлсіреген күйде болса;

– туғаннан құлағы немесе құйырығы болмаса;

– лас қалдықпен тамақтанып жүрген мал жарамсыз.

Қандай кемшілігі бар мал құрбандыққа жарамды?

– көруі нашар;

– бір аяғы ақсақ болса да, жүре алатын болса;

– мүйізінің бөлшегі сынық болса немесе туғаннан тоқал болса;

– санаулы тісі жоқ болса;

– құйрығының немесе құлағының кішкене бөлігі жоқ болса;

– құлағы тесілген болса;

– қышыма;

– пішілген болса құрбандыққа шалуға болады.

Құрбанға шалынған малдың етін қалай үлестіру қажет?

– еттің 3/1 бөлігін өзінің отбасына, бала-шағасына;

– 3/1 бөлігі туған-туыстары мен көршілеріне;

– 3/1 бөлігін кедей және мұқтаж жандарға үлестіру абзал.

Дін мамандары құрбанға шалынған малдың терісі қасапшыға қызмет ақысы ретінде берілмейтінін ескертеді. Оны сатып, ақшасын садақа ету қажет.

Құрбан шалудың тыйымдары қандай?

– шалынған малдың терісі мен қалған еті, басы мен басқа да бөлшектері сатылмауы тиіс;

– малдың көзінше пышақ қайрауға болмайды;

– соятын малға қатыгездік танытуға болмайды;

– өтпейтін пышақпен бауыздауға тыйым салынады.

Еске салайық, биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамыз – жексенбі күні басталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз