Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Шетел киносын қазақшаға кімдер аударады?

362

Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, заң мемлекеттік тілдің кино саласындағы мүшкіл жағдайын жақсарта қойған жоқ. Көңілсіз жұмыс пен көзбояшылық ұрып тұр. Грамматикалық қателер өз алдына, қарапайым сөйлемнің құрылымы жаға ұстатады.

Дубляж режиссері Шахмұрат Ордабаев кінәрәтты заңнан іздеп қажет емес дейді. Заң дұрыс, бірақ оны іске асыру ақсап жатыр екен.

«Заңның қателігі емес. Меніңше, ол — орындаушылардың қателігі. Субтитр заманы ол, өкінішке орай, өтті. Субтитрдың шығу тарихы ең басында кино өнері туған кезде дыбыс жазу мүмкіндігі болмағандықтан белгілі бір сахналар субтитр арқылы түсіндірілген болатын. Бара-бара дыбыс қосылды, техника алға басты», – дейді Шахмұрат Ордабаев.

Шахмұрат Ордабаевтың пікірінше, аудармаға кинотетарлардың да, оларды орындайтын студиялардың да, көрерменнің де қызығушылықтары болуы керек. Яғни қоғамның тікелей қызығушылығы болуы тиіс, дейді ол.

Ал «Арман» кинотеатрлар желісінің директоры Бауыржан Шүкеновтың айтуынша, арнайы аудармалардың дұрыс-бұрыстығын қадағалайтын орган жоқ. Бұл қандай да бір аумақта картинаны көрсететін автордың мәселесі екен.

“Әртүрлі тілден қазақшаға аударылып субтитрмен көрсетіледі. Елімізге жылына 300-ге жуық фильм келеді. Сондықтан қадағалау өте қиын», – дейді ол.

Бауыржан Шүкеновтың өзіне қателер туралы айтып ешкім жолықпапты. Жолығатын болса Бауыржан Шүкенов мамандарды, дистрибьюторды шақырып осы мәселелерді шешуге болатынын айтты.

Қорытындылай келе, субтитрдағы қателіктер ешкімге керек емес, оны министрліктен бастап кинотеатрлардың өзі де тексермейтін болып тұр. Сонымен қатар, көрерменнің селқостығы да қателердің өршуіне себеп. Яғни, бірен-сараң интернетте жазғандары болмаса көрерменге де бәрібір көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз