Әнші Мақпал Жүнісова жақындарынан көмегін ешқашан аяған емес. Қуанышында да, қайғысында да жанынан табылуға тырысады.
“Кредит алған туыстарым бар. Олар алады, мен жабамын кредитті. Екі-үшеуі алған еді. Өзім жауып бердім. Сосын, алмаңдар деп айттым. Неге кредит аласыңдар? Әлдеріңе қарап алмайсыңдар ма? Алдыңда жейтін наның болса, шәйің бар ма? Жыртық киім киіп жүрген жоқсың ба? Соған да шүкір деңдер”, – дейді әнші.
Несиенің пайдасынан гөрі зияны көбірек екендігін ескерген Мақпал Жүнісова несиенің торына ілініп қалудың бірнеше себептерін де айтып өтті.
“Кредитті неге алады? Той жасаймын деп алады. Кредитті неге алады? Машина мінемін дейді. Содан соң кредитті жаба алмай үйінен айырылып қалып жатыр, тағы сондай сияқты нәрселер көп енді. Байлыққа қызығады, “мен де мінуім керек, мен де норка шуба киюім керек, бриллиант тағуым керек” деген әңгімелер көп қазір. Оның ешқандай да қызығы жоқ”, – деп сөзін қайырды әнші.