Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-9
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

Қазақты мойындатудың бір ғана жолы бар

106

Бізді мақташы деп, ешбір орыс ағылшын мен французға, немесе неміске жалынған жоқ.

Жапондар да ешкімге ештеңесін зорлап тықпаламады – әдебиетін, басқасын былай қояйық, қазір әлем олардың икебана, шай рәсімі сияқты” ұсақ-түйектеріне” дейін қызықтайды.

Неге? Себебі, орыс – күшті, жапон – мықты. Өзіндігі мықты. Ең алдымен, өзін жақсы көреді. Алдымен – Өзі, сосын – әлем. Олардың өзіндігі, ең алдымен, олардың жаппай өз тілінде сөйлеуінен көрінеді.

Мен анық білем – барша қазақ тегіс қазақ тілінде сөйлеген күні әлем бізге өзі келіп сәлем береді.

Сіздің аңсаған, зарыққан, шөлдеп өлген “деңгейіңіз” – тойымсыз мақтанқұмарлығыңыздың көмейін өзі келіп тығындайды. Абайды сізден сұрамайды – Абайды өзі тауып алады да, көкейіңізді жегі құртша тескен әлемдік биікке өзі алып кетеді.

Бірақ, алдымен өзіңді өзің құрметтемей, ондай құрмет сізге жоқ…

Тұрсынжан Шапай

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз