Қостанай облыстық ІІД Затобол кентіндегі бала ұрлығы туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, 2018 жылғы 1 қазанда Затобольск кентіндегі №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу бүлдіршіннің алқымынан алып, оны қызыл түсті көлігімен белгісіз бағытқа қарай алып кеткен. Полицейлер бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізді.
«Полицейлер оқиғаға байланысты іздеу шараларын өткізді. Полиция сұранымы бойынша Затобол кенті мектебі оқушыларының ата-аналарынан жауап алынды. Нәтижесінде, қызыл түсті «Volkswagen Jetta» авткөлігі бар 43 жастағы Затобол кентінің тұрғыны анықталды», – делінген ІІД-нің баспасөз хабарламасында.