Алматы облысының полициясы 17 жастағы бозбалаға қастандық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
22 шілдеде Жармұхамбет ауылының мас тұрғыны ауруханаға түсті. Облыстық полиция мәліметінше, жәбірленуші қарнынан пышақ жарақатын алған.
Күдікті ұсталды, қастандық жасау дерегі бойынша оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.