«Нұр Отан» партиясы «Жастар мәслихатының» басшысы Ерғазы Әзімханұлы Астана және Шымкент мегаполистерінің әкімдерінен өз қаласын қалай атайтынын сұрады. Өз кезегінде әкімдер оның сұрағына ерекше әрі заманауи жауап берді.
Ерғазы Әзімханұлы желідегі парақшасында жариялаған видеода Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз қаласын «Зың қала» деген атау берді.
«Шымкент – зың-зың», – дейді ол.
Ал Әзімханұлының «Астана қаласы қандай» екендігі туралы сұраққа жауап берген Астана әкімі Әсет Исекешев өз қаласын
«Самая вышка» деп атады.
Ендігі Ерғазы Әзімханұлы еліміздегі мегаполистердің бірі Алматыға қандай заманауи атау берілетінін ойлап бас қатыруда.
Ал сіз Алматыға қандай атау берер едіңіз?
Алматы “Сән” қала емес па.