Бәрі де бетті! Атамбаев саясат сахнасына қайта оралмайтындай күйге жетті. Экс-президент пен қазіргі мемлекет басшысы арсындағы текетірес жаңа сатыға көтеріліп, мұрагер өз билігін нығайтуға көшті.
Міне, екі жылдан бері Қырғызстан өзінің Қазақстандағы елшісін тағайындамай отыр (осының өзі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік қарым-қатынастың қандай деңгейде екенін айғақтайды), деп жазады Саясат.
Сооронбая Жиэнбеков билік басына келгеннен кейін,
Астана мен Бішкек арасындағы қарым-қатынас жаңа белеске шықты, елшінің тағайындалуы қалыпқа келе бастаған үдерісті бекіте түсу керек еді.
Ақпан айында Қыоғыз Респуликасы сыртқы істер министрінің орынбасары Динара Кемелова елшінің жақын арада Астанаға баратынын жариялаған-ды.
«Қырғызстанның Қазакқстандағы елшісі жақын күндері тағайындалады. Қазір іріктеу жүріп жатыр. Үміткерлер президентпен келісілуде», — деп хабарлаған еді сол кезде қырғыз дипломаты.
https://kaz.365info.kz/ket-ket-elden-zhienbekov-atambaevty-zher-khyldy-316409
Алайда содан бері төрт айдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде Қазақстан өзінің Бішкектегі елшісін ауыстырып үлгерді, Қырғызстанның Астанадағы мүдделерін әлі күнге дейін сенім білдірілген өкіл білдіріп жүр.
Шамасы, өзінің саяси легитимдігін нығайтып жатқан президенттің елшіні тағайындауға мұршасы жетпеген сыңайлы.
Сөйтіп, Жиэнбеков өзінің алдында мемлекет басшысы болып, енді елге саяси көсем, ал өзіне соқырды жетектейтін жетектеуші болуға ұмтылған Атамбаевты билік басынан аластатумен айналысқан-ды.
https://kaz.365info.kz/atambaevtyn-adamy-ma-khyrt-zhienbekov-eks-prezidenttin-komandasyn-tas-talkhan-etti-318617
Атап айтарлығы,
Жиэнбеков ерледі, ол қысқа уақыттың ішінде басқару аппаратында жасалған төңкеріс арқылы Атамбаевпен үзеңгілес болған, экс-президенттің айдауына көніп, айтқанымен жүретін адамдарды жүйеден шығарып тастады.
Артынан олар, тіпті, тұтқындалып, қылмыстық жауапкершілікке де тартылды. Өз кезегінде, бұл тұтқындаулар Атамбаевтың осы текетіресте ойсырай ұтылып, барлық абыройынан жұрдай болғанын көрсетті.
Оның көптен бері үнсіздік сақтауын, экс-президент қарымта қайтару үшін оңтайлы сәт күтіп отыр деген далбаса әңгіме сол құрғақ сөз күйінде қалып қойды.
Жаң президенттің өз билігін нығайтып жатқаны туралы сөз қозғағанда,
осыдан бір жыл бұрын ешкім Жиэнбеков президент болып сайланады деп ойламаса, жарты жыл бұрын, оның толыққанды мемлекет басшысы болатынынакүмәнмен қарағанын айтқан жөн.
https://kaz.365info.kz/zhienbekov-zhendi-ozi-akelgen-adammen-alyskhan-atambaev-endi-ne-istejdi-312694
Алайда ол бұл күмәннің барлығын быт-шыт қылып, ммелекет басшысына айнала білді. Сөйтіп, өзін жеттекке алып, елге саяси көсем болып, барлығын билеп-төстігісі келген салиқалы саясаткерді тас талқанетіп, саяси сахнадан айдап шықты.
Шамасы, билік басына Жиэнбеков келгеннен кейін, саяси сипаттағы қылмыстық істер (Атамбаевтан қалған мұра) қысқартылады деген үміт сол күйінде қалатын сыңайлы.
Сөйтіп, елдің бас прокуратурасы парламенттің экс-депутаты Өмірбека Текебаев адвокаттарының арызы бойынша істі қайта қараудан бас тартты. Ал оның аттасы және Жиэнбековтың президент сайлауындағы бәсекелесі Өмірбек Бабанов енді Бішкекке қайта орала қоймас.
Өйткені,
оған билікті күшпен тартып алмақшы болды және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.
Ал елдегі қалған шенділер кеудемсоқтықты қойып, мемлекеттің жаңа басшысының билігін мойындап, оған адал қызмет етуге кірісіп те кетті.
https://kaz.365info.kz/khajdan-gana-akeldim-ozim-degen-zhienbekov-atambaevtyn-byryshkha-tykhty-311024
Сөйтіп,
Сооронбай Жиэнбеков бар-жоғы жарты жылдың ішінде өзінің билігін мықтап нығайтып алды. Ал Атамбаев бұған қол жеткізу үшін бірнеше жыл жұмсаған-ды.
Дегенмен Жиэнбековке билігін тез нығайтып алуға жазалау аппаратының жұмысын ретке келтіріп, бәсекелестердің көзін жойған Атамбаевтың жағдай жасап кеткенін мойындаған жөн.
Ал Сооронбай Жиэнбеков осы оңтайлы сәтті ұтымды пайдалана білді. Жаңа президенттің биліктегі өмірі енді басталды. Сондықтан ол үшін сынақтардың бәрі алда деуге негіз бар.