Тарбағатай мен Көкпекті аудандарының аралығындағы тас жолда бүгін сұмдық жол апаты болды. Жол үстінде екі автокөлік бетпе-бет соғылысып, төрт адам көз жұмған.
Бұл туралы оқиға орнындағы куәгерлер хабар берді,деп хабралайды alatau news.
Жол апатында қаза болғандар — тарбағатайлық таксист, екі жолаушы әйел адам және екінші көліктегі жүргізуші жігіт. Көз жұмған әйелдердің бірі көлікте жолдасымен және немересімен отырған екен. Аман қалған жолаушылар барлығы дерлік ауыр жарақаттар алған.
Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі оқиға орнына екі сағаттан кейін әрең жеткен.
Ескерту видеода жүйкеге әсер ететін кадрлар кездеседі.