Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Жағымсыз иісі жоқ мал қора”. Алматы маңындағы экоферма өркендеп, кеңейіп келеді

455

Алматы қаласы маңындағы Кемертоған ауылындағы экофермаға қызықпайтын адам жоқ шығар. Өйткені мұнда жасыл технологиялармен жасақталған жылыжайлар, биогаз және күн қондырғылары бар ғимараттар бар. Шығыны аз, пайдасы көп бизнес. Қоршаған ортаны қорғау мәселесін жіті зерттеп, шетелден арнайы тәжірибе жинақтап қайтқан Денис Тен отанға оралған соң осындай ферма құрған. Мұнда бәрі жаңа технологиямен жабдықталған. Тіпті, үй жануарларына арналған қора-қопсының өзі экологиялық материалдардан салынған.

Фермадағы жұмыстан бөлек өнертапқыш мына бір жобамен терең айналысып, киіз үй пішінінде экоматериалдардан салынған дөңгелек үйді жаппай сатылымға шығарғысы келіп, барын салуда.

Денис Тен, экоферманың қожайыны:

– Бұл арадағы технология қарапайым. Алдымен дөңгелек үйдің қаңқасы ағаштан әзірленеді. Кейін оған сығындалған сабаннан қабырғылар орнатылады. Оның іші мен сыртын балшықпен сылаймыз. Бөлмені жылыту үшін күн батареясын орнатқымыз келеді. Бұл болашақтағы жоспардағы ой. Күмбезді үй тұрақты түрде сесмикалық жағынан қауіпсіз болады. Жылу шығыны өте төмен. Құрылыс материолдарына шығатын шығындар аз. Ең бастысы мұнда энергия жақсы таралады. Үйдің бұрышы болмағандықтан үй температурасы біркелкі реттеледі.

Мұндай конструкцияны уақытша тұрақ ретінде пайдалануға болады. Туристерге өте ыңғайлы. Авторлардың айтуынша, бұдан шағын қонақ үй де жасай аласыз. Ғимараттың қабырғалары сабан блоктарынан тұрғызылады. Арнайы сабанды сығымдағыш құрылығы арқылы 4-5 адам бір сағатта бір сабан панелді жасай алады. Ал бір айдың ішінде осындай панелдерден бүтін бір үй салуға болады.

Мамандардың есебінше, 60 шаршы метр болатын үй үшін 1 млн теңгенің құрылыс материалдары жұмсалады екен. Ауа-райы салқын аймақтарда қабырғаның қалыңдығы 40 сантиметр болуы тиіс. Жылы жерде, әрине жұқалау.

Рустам Әкімбеков, құрпылысшы:

– Бұл технологияны ғалым Евгений Широков енгізген. Ол бұл механизмді АҚШ-та үйреніп келді. Сабан блоктарын сығымдайтын арнайы машина бар. Бұл – дайын, жартылай фабрикат. Үй іргесін қалауға және үйдің қабырғаларын тұрғызуға арналған құрылыс материалы.

Денис Теннің фермасын алматылықтар жасыл технология мекені деп атайды. Ол жобаларға қызығушылық танытушыларға семинарлар өткізеді, осы арада бәрін көрсетеді. Адамдарды жасыл технологияны пайдалануға үйрету керек деп санайды фермер. Мәселен, ол күн коллекторын АҚШ-тан алып келген материалдардан үйде интернеттегі сызбаға қарап отырып жасаған. Сонымен қатар ол биогаз қондырғысын құрастыру мен оны орналастыру жұмыстарымен де айналысып жатыр.

Біз қазір малдан шыққан қалдықтарды, яғни қи мен көңді өңдеу сынды глобальды жұмысты бастап кеттік. Ол үшін шаруа қожалықтарымен алдымен келісімшаррт жасасып алсақ дейміз. Сөйтіп әр шаруақожалығынан шыққан боқ пен қиды өңдеп, одан метан газын аламыз. Ал одан қалған шөгіндіге құрт сап, оны әрмен құртатпақ ойымыз бар. Өйткені құрттар шөгіндіні жеп, оны тыңайтқышқа айналдырады. Сөйтіп құртқалыларды сата бастаймыз. Оны бақша өсіретін жекеменшіктер сатып алып қояды. Өйткені бұл табиғи таза тыңайтқыш қой. Жылыжайларға қажетті биогус.

Бұл ферма мал қораларынан шығатын жағымсыз иісті де бейтараптандыру технологиясын үйренген. Бактериялар мен ағаш үгінділерінің қоспасынан жасалған төсеме көңді өңдейді және жылу бөледі. Мұндай төсеме энергия және жылуға шығындалатын қаражатты үнемдейді. Мұны Денис өз фермасында әбден сынақтан өтіп, технологияның тиімділігіне әбден көз жеткізіп алған соң өзгелерге үйретпек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз