Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Билік еліміздегі халықтар санын көп етіп көрсетуге тырысады. Неге?

Тәуелсіздік алғаннан кейін саяси, экономикалық, моральдық дағдарысты әр этнос өз ой елегінен, жан-дүниесінен өткізеді.
https://kaz.365info.kz/sen-khajdagy-khazakhsyn-dyniennin-bari-oryssha-297918

Қазақтар күні бүгінге дейін табиғи байлық шетел байларының қолында кетті деп алаңдаса, славян текті диаспоралар адам құқығы бұзылды деп орынсыз алаңдады.

Славян тектілер мен немістер пессимистік көңіл-күйге бой алдырса, қазақтар болашаққа сенімді болды.

Этносаралық қатынастарды бағалауда қазақтар мен этностар өкілдерінің айырмашылықтары анық байқалды.

Сол кездегі әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, қазақтар ұлтаралық қатынастарды «достық», «бейбіт» деп сипаттаса, славян, еуропатектілер оңды баға беруге сараңдау, «әр уақытта да достық емес», «қайшылықты» деп бағалаған. Қазақтар «басқа этнос өкілдерінің ішінде достарым көп» десе, басқалар «достарым өз этносым ішінде көбірек» деген.

Еліміздің әртүрлі аймақтарында сепаратистік көңіл-күй де байқалды.
https://kaz.365info.kz/erten-saldaryn-tartamyz-amangeldi-ajtaly-bilikke-khandaj-eskertu-zhasady-306929
1991 және 1992 жылғы этноәлеуметтік зерттеулер бойынша, Шығыс Қазақстан облысында славян тектілердің басым көпшілігі – 42,6%-ы автономия идеясын қолдап, 30,3%-ы қарсы болған. Ал Солтүстік Қазақстан саны сәйкесінше 35,5 пен 33,5% болды.

Территориялық автономияны ашық қолдағандардың арасында немістер мен ұйғырлар да бар.

Қазақстанда 1989 жылы Жаңаөзенде, 1994 жылы Шығыс Қазақстанда, 2006 жылы Ақтауда, 2006 жылы Теңізде, 2007 жылы Шелекте, Маловодное, Маятаста этносаралық жаппай қақтығыстар болды. Ресейдің кейбір ғылыми басылымдары 1989 жылы Жаңаөзенде болған жағдайдың себебін күні бүгінге дейін қазақтардан көреді: «…в 1989г. националистически настроенная часть населения вынудили работавших дагестанцев в одночасье покинуть Казахстан и вернуться в Дагестан», – деп жазады кейбір басылымдар.

Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әр этнос өкілдерінің бизнеске араласу мүмкіндігі, оларға өз мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауға мүмкіншілік жасалды. Бірақ барлығы бірдей ол мүмкіндікті пайдаланған жөн,

себебі қазақстандықтар бүгін де орыстанған қоғам.

Көпұлтты қоғамбыз десек те, бүгін Қазақстанда мемлекет құраушы қазақ ұлтымен алты диспора бар: орыстар, өзбектер, украиндықтар, ұйғырлар, татарлар мен немістер, осылар ел халқының 95,6 % құрайды. 40-қа жуық диаспора мүшелерінің саны жүзеге де жетпейді.

Қытайда ХХ ғ. 50-жылдардың аяғында халық санағы жүргізілгенде, статистер ұсақ-түйектермен қосып, 500-ден астам ұлттың атын келтірген. Үкімет елдің ұлттық құрамын қайта қаратып, бір ғана ұлт қытайлықтармен қатар, қырықтан астам диаспора (қазақтарда соның ішінде) өмір сүреді деген.

Біз еліміздегі ұлттар мен халықтардың санын көбірек көрсетуге тырысамыз.

Ол да бір саяси мақсат көздеуден болар: осыншама ұлттар сүттей ұйып отыр деп, оны ұлт саясатының үлкен табысы деген мақтан үшін бе деймін».

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/khazakhstanga-orystar-ote-kerek-bilgishter-pikiri-312887

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз