Өрт сырттан келген. Жексенбі күні өртке оранған Көкшетау қаласы орталығындағы сауда үйіне от қасақана қойылған. Ғимараттың 450 шаршы метрі жанып кеткен.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Тапа тал түсте сауда үйін әп сәтте орап алған қою қара түтіннен ондағы саудагерлер ғана емес, демалыста базар аралап жүрген жұрттың да зәресі кеткен. Өрт сөндірушілер келгенде тілсіз жаудың өрши түсуіне қатты соққан жел де себеп болды. Алғашқыда 3 арнайы техника келіп, кейіннен өрттің беті қатты болған соң дабыл қағылып жеке құрам мен қолда бар техника көмекке келген. Ғимарат тез тұтанғыш алюкобондпен қапталғандықтан оның жануы да жылдам болды.
“Өрттің нақты шығу себебі әзірге анықталып жатыр. Сараптама жасалғаннан кейін ғана айта аламыз. Әзірге белгілісі, тілсіз жау сырттан келген. Біреудің қасақана өрт қоюуы мүмкін бе деген де жағдай қарастырылуда.Иә ,жоспарлы тексеріс ақпан айында өтті,бірақ барлық өрт қауіпсіздігінен жасалған ескерту уақытында орындалған болатын”, -деді Ақмола облыстық ТЖД бөлім бастығы Олег Малюк