Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Сағадиев ата-аналарды 15 мамырда жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Ерлан Сағадиевтiң айтуынша, елiмiзде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы 15 мамырда өтедi. Жалпұлттық жиналыс алғаш рет былтыр ұйымдастырылған болатын.

«Өздерiңiз бiлесiздер, бiзде әдетте жиналысқа орташа алғанда ата-аналардың 10-15 пайызы ғана қатысады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы келдi. Бұл өте жақсы нәтиже. Бiз биыл осы нәтиженi қайталағамыз келедi.

Сондықтан, Бiлiм және ғылым министрлiгi атынан барлық жұмыс берушiлерден, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан ата-аналарды 15 мамыр күнi

жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан ертерек босатуды сұраймыз», – дедi Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз