Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
25
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматы облысында екі бірдей қыз жоғалып кетті

200

 

 

 


Қызыл футболкадағы Малика Орақбаева. 15.04.2018 ж. шамамен сағат 15:20-да Төле би – Момышұлы көшелерінің қиылысынан Қарғалы ауылы (п. Фабричныйға) таксиге отырады. 16-00 шамасында “Алтын орда” базарынан өтіп бара жатырмын деп тілдескен үй-ішімен. Содан ұшты-күйлі жоқ. Негізі, жеткіншек ауылында ата-әжесінің қолында оқиды. Жалғызбасты анасы Алматыда жұмыс істейді, әр жұма-жексенбі күндері келіп-кетіп жүрген. Полиция тел байланысын тексере келе қыздың Алматы аумағынан шықпағанын айтады. Таксист кім? 14 жасар қызды кім ұстап отыр? Қайда екен? Тірі ма екен?”, – деп жазды журналист.

Сонымен бірге ол жоғалған екінші қыз туралы ақпаратпен де бөлісе кетті.

“Ақ жейде киген Айгерім Усупбекова. Оның да жасы 14-те. Ол да ата-анасы жоқ толыққанды емес отбасынан. Көлащы ауылындағы нағашы апасының қолында оқиды. 16.04.2018ж. екінші сабақтан қазір келемін деп сұранып кеткен күйі ұшты-күйлі жоқ. Айта кетейік, Әйгерімнің 17 жасар жігіті бар.
Нұрлан қызды көрмегелі 6-7 күн болды, өзім екі күннен бері ұйықтамай жүрмін дейді. Жоғалған сүйіктісінің фотосын “Алтын орда” базары маңында жабыстырып, көмектесуде. Бұл жерде тағы сол сауал: таксист кім? 14 жасар қызды кім ұстап отыр?Қайда екен? Тірі ма екен? Кімде-кім оқушы қыздарды көріп, танып, байқаса хабарласыңыздар!

Қыздардың тағдырына алаңдаған журналист: “Маньяктың қолына түспей жәй жасөспірімдік еркелік болсыншы бұл қылығы деп тілеймін”, – деп жазған.

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз