Тест тапсырмаларында Димаш Құдайбергеннің туған жері, балалық шағы, қызығушылықтары және жетістіктері туралы сұрақтар ағылшын тілінде берілген. Тапсырмада әншінің «Славян базары» және «I am a singer» жобаларында жеткен жетістігі туралы жазылған.
«Әншінің даусы да, сырт келбеті де әдемі. Дәл осы себепті ол Қытайда танымалдыққа ие болды. Димаш Құдайберген жобада француз тілінде ән айтқаннан кейін, Weibo желісіндегі оқырмандарының саны артып, 300 000 адам болды», – деп жазылған тапсырмада.