Қостанай қаласындағы әл-Фәрәби даңғылының бойында орналасқан «Тополек» дүкенін үш еркек тонап кетті.
«Қостанай жаңалықтары» порталы жариялаған бейне роликте, қаскүнемдердің бірі есіктің жанында еден жуып жүрген әйелді жерге сұлатқаны айқын көрінеді. Артынша дүкенге және біреуі кіреді.
Көмекке сауда залының ішінен бір еркек кісі жүгіріп шыққанымен, қаскүнемдер оны да жерге сұлатып, ұстап тұрды. Ол уақыт аралығында қаскүнемдердің сыбайласы кассадағы ақшаны тонап, артынша іздерін суытып үлгереді.
Бұл оқиғаға байланысты Қостанай полицейлері әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.