Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон ерлі-зайыптылардың опасыздығын қылмыстық жазалау мәселесін қарастырады, – деп хабарлайды “Sputnik Таджикистан”.
25 қаңтарда өткен баспасөз конференциясында журналистердің бірі осындай ұсыныс жасады. Ол өзінің ұсынысына соңғы айларда Тәжікстанда қызғаныштан адам өлтіру қылмысы көбейіп кеткенін алға тартты. Бас прокурор осы мәселені қарастыратынын айтты.
2015 жылы Оңтүстік Кореяда ерлі-зайыптылардың опасыздығы үшін қылмыстық жазаны алып тастады. 1953 жылы шыққан заң бойынша екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.