Өзбекстан Республикасы ТЖМ дағдарысты жағдайды басқару орталығы тұрғындарға Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты уақытша сапарламауға кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Өзбекстан Республикасы ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстанда қатты аяз болуы мүмкін. Өзбекстан азаматтарынан Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігіне жолаушылар автобусымен немесе жеке көліктермен сапарға шығуды уақытша тоқтата тұруды сұраймыз», – делінген Өзбекстан ТЖМ таратқан хабарламада.