Алматы облысында мұғалімді ата-ана кабинетіне іздеп келіп, соққыға жықты. Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылындағы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепте болған.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Істің насырға шабуына оқушы себеп болған.
Дәрігердің айтуынша, жәбірленуші маман бас ми жарақатын алған. Тіпті белгісіз біреулердің әріптесін ұрып жатқанын көріп, көмекке келген екінші мұғалім де таяққа жығылған.
Ол қолын жарақаттап алған. Ал баланың ата-анасы түсінік беруден бас тартты. Ұстаздың әріптестері болса тәжірибелі маманның ерсі мінез көрсетуі мүмкін емес дейді.
“Дөрекі сөйлеу, қол көтеру мүмкін емес. Ол кісінің табиғатында ондай жағымсыз қылық жоқ. Ол мұғалімнің қолынан ондай нәрсе келмейді”, – дейді №15 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Арман Сүлейменова.