Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-14
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Депутаттар “Қазақстан географиясының” жеке пән ретінде оқытылмауына алаңдаулы

Мәселен, кезең-кезеңімен енгізілген өзгерістерден кейін ғалымдар еліміздің егемендігін танытатын пән – “Қазақстан географиясын” жеке пән ретінде таппай қалған.

“Дүниежүзіндегі барлық ел өздерінің тәуелсіздігін таныту үшін географиясын жеке пән ретінде оқытатындығы анық. Жер бедері бойынша еш кішкентай мемлекеттердің өзі бұл тізімнің алдында. Ал Қазақстан Республикасы 193 мемлекеттің ішінде тоғызыншы орынды иеленген. Айталық, Израиль мемлекеті төл географиясын екі жыл меңгертсе, көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдері үш жылға жуық уақытты жоспарлайды екен”, — деді Хаменова.

Қазақстан географиясы мектепте 1993 жылдан бастап оқытылып келеді. Депутаттың айтуынша, аптасына әупірімдеп оқытатын екі сағаттың өзі бүгінде көзден бұлбұл ұшқалы тұр.

“Елбасы “Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру” мақаласында: “Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Ол үшін Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе Қазақстаның киелі жерлері гоеграфиясының жобасы керек” деді. Еліміз бен жеріміздің тарихы мен географиясын терең таныту Елбасының алдымызға қойып отырған нақты бағыты”, — деп еске салды халық қалаулысы.

Осы жерде депутат бізде стандарт пен бағдарламаны аттап өтіп, оқулық шығару сәнге айналып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Сөзіне дәлел — биылғы оқу жылынан бастап “География” деген атаумен жаңа оқулық енгізілген. Ал “Қазақстан географиясы” жоқ. Хаменова жаңа оқулықтың еліміздің төл географиясын насихаттауға қаншалықты қызмет ететініне күмән келтірді.

“Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде берген мәлімдемесінде министр Ерлан Сағадиев мырза аталмыш мәселеден бейхабарлығын танытса, министрліктен алынған ресми жауапта бүгінгі күнге дейін” Қазақстан географиясы” пән ретінде емес, оқу бағдарламасы есебінде ғана қаралған деген жауап алдық. Жауапты басшылықтың жауабы осындай  түсініксіз болса, жаңа оқу бағдарламасы мен жаңа оқулықтың шикілігі де айқын ба дерсің. Қалай десек те, басты мақсатымыз — болашақ ұрпаққа Атырау мен Алтайдың арасын жалғап жатқан кең байтақ атыраптың қасиетін ұлттық мақсатта түсіндіру. Елбасының ерен еңбегі — өзгелермен астасқан қазақ елінің аумағы мен шекарасын Қазақстан географиясында оқыту маңызды. Бұл болашақ алдындағы борышымыз”, — деді ол.

Осы айтылғандардың негізінде “Нұр Отан” фракциясының депутаттары Білім және ғылым министрлігінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды.

“Сағаты болғанымен, ешқандай бұйрықсыз ауыстыра салынған “Қазақстан географиясы” пәнінің атауы оқу бағдарламасында сақталуы тиіс”, — деген сенімде депутаттар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз