Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Америкада өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады 24.kz.
Қазақ жігіті кәсіби рингтегі 26-кездесуге дайындықты бастау үшін желтоқсанның аяғында мұхиттың арғы бетіне аттанады. Бұған дейін әлемдік бокс қауымдастығы Қанат Ислам мен америкалық Джон Вера 21 желтоқсанға дейін өзара кездесу уақытын шешуі керек деп мәлімдеген еді. Сосын қай жеңгені бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алады.