Өз еркімен қан тапсырған донорлар лотереяға қатысып, iPhone 7 ұта алады.
Қазақстанның Қызыл Жарты айы қоғамы әлеуметтік жобаны бастады, соның аясында қан донорлары iPhone 7 ұта алады.
Ұйымның баспасөз хабарламасына сүйенсек, жобаның мақсаты Қазақстан халқы арасында өз еркімен қан тапсыру үрдісін насихаттап, дамыту мәселесі бойынша ерікті бастамаларға қолдау көрсету болып табылады.
Ұйымдастырушылар әр екі апта сайын бір iPhone 7 Red ойнатып отырады. Сонда донорлар арасында барлығы он iPhone 7 Red ойнатылады. Жеңімпаз кездейсоқ сан генераторы көмегімен анықталмақ.
Бұдан бөлек, әлеуметтік жобаға қатысушы әр донор 500 бонустық картаға ие болып, оны электронды техника дүкендерінде пайдалана алады.
Ақпарат көзі: Sputniknews.kz